ТҮРКІСТАН: Таудағы қар қоры аз екені анықталды

0
1 392

Кейбір көлдер кеуіп кеткен.


ТҮРКІСТАН: Таудағы қар қоры аз екені анықталды

Түркістан облысындағы бірнеше көлде зерттеу жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың 28-тамызында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаметі және ҚАЗГИДРОМЕТ, Қазселденқорғау, Әкімшілік мамандары ММ ОАПТБ филиалы басшысы және ТЖААжҚҚПБ инженер гидрологы Ми-171 мамандарының қатысуымен, Түркістан облысы аймағындағы өгем, Сайрам-су, Майдантал, Ақсу өзені алабтарындағы мореналық көлдерге әуекөзмөлшерлік зерттеу жүргізілді.

Зерттеу 3 сағат 20 минутқа созылған. Зерттеу барысында анықталғандай, тауда қар қоры аз. Мореналық колдердің су деңгейі төмендеген, тіпті кейбіреулері кеуіп кеткен.

Айта кетсек, зерттеу жұмысының максаты - мореналық көлдерді және сел қаупінің деңгейін анықтау.