ТҮРКІСТАН: Тіл оқыту орталықтарында 1868 адам қазақ тілін оқыған

0
389

Бүгінде облыстағы өзге ұлт өкілдерінің 74 пайызы қазақ тілінде сөйлесе алады.


ТҮРКІСТАН: Тіл оқыту орталықтарында 1868 адам қазақ тілін оқыған

Түркістан облысындағы тіл оқыту орталықтарында І тоқсан ішінде 1868 адам қазақ тілін оқыған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімінің 2023 жылғы 16 қарашадағы №248 қаулысымен «Түркістан облысында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудағы іс-қимыл жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес мемлекеттік тілдің рөлін күшейту бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 91,5% құрады. Ал биыл 92% пайызға жеткізу жоспарланған. Бүгінде облыстағы өзге ұлт өкілдерінің 74 пайызы қазақ тілінде сөйлесе алады.


Биылғы І тоқсанында тіл оқыту орталықтарында 1868 адам қазақ тілін оқыса, оның 607-сі өзге этностар. Облыста 17 тіл оқыту орталығы жұмыс істейді. Орталықта ересек тұрғындарға үш тіл, атап айтсақ, қазақ, орыс, ағылшын тілдері үйретіледі. Орталықтарда 51 оқытушы жұмыс істейді. 2023 жылда қазақ тілін 2754 адам, орыс тілін 1786, ағылшын тілін 1488 адам оқыған.