ТҮРКІСТАН: Төлебиде 100 шақырымнан астам жол жөнделеді

0
859

Оның 45,8 шақырымы облыстық маңызы бар автомобиль жолдары.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде 100 шақырымнан астам жол жөнделеді

Төлеби ауданында биылғы жылы 100 шақырымнан астам жол жөнделіп, ел игілігіне беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков шілде айының бірінші аптасында аудан орталығы мен елді мекендердегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Ең әуелі Шахта Тоғыс елді мекеніндегі аудандық маңызы бар КХТЛ-34 «Ленгір - Шахта Тоғыс» автомобиль жолындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан көпірдің басына барып, жұмыс барысымен танысты. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшысына маңызды нысанды сапалы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, тапсырыс алған мердігер компанияға, атқарған жұмыстары әркез мемлекет бақылауында болатындығын жеткізді.

Сонымен қатар, аудандағы жұмыстарды өз бақылауынан тыс қалдырмаған әкім Бірінші Мамыр ауылдық округінен өтетін 11 шақырымдық облыстық маңызы бар КХ-112 «Бірінші Мамыр-Оңтүстік турбаза» автомобиль жолына асфальт төсеу жұмыстарымен танысты. Жолдың жөндеу жұмыстары аяқталған соң 20 мыңнан аса тұратын тұрғындарға да, аудандағы туризм саласының дамуына да септігін тигізбек.

Айта кету керек, биылдың өзінде, Төлеби ауданында 100 шақырым жол жөнделеді. Оның 45,8 шақырымы облыстық маңызы бар автомобиль жолы болса, 54,2 шақырымы аудан ішілік жолдар.