ТҮРКІСТАН: Төлебиде талантты әрі ерекше қыз тұрады

0
494

Ол қолөнер бұйымдарын жасаудан республикалық конкурстан жүлделі ІІІ орын иеленген.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде талантты әрі ерекше қыз тұрады

Төлеби ауданы, Кемеқалған ауылдық округінде арманы асқақ, талапты да талантты ерекше қыз тұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы, Кемеқалған ауылдық округі, Әңгірата елді мекенінде арманы асқақ, талапты да талантты ерекше қыз тұрады. Ұлбосын Әбдіғаппар өлең жазып, қолөнер бұйымдарын жасағанды ұнатады. Шығармашылық қабілетін шыңдау үшін өлең шығарып, түрлі байқауларға қатысып келеді. Жетістіктері де көп. Ол қолөнер бұйымдарын жасаудан республикалық конкурстан жүлделі ІІІ орын иеленген. Одан бөлек, қолөнер шебері ретінде аудандық және облыстық деңгейдегі сайыстарда бағын сынап, жүлделі орындардан көрінуде.


1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Әбдіғаппар Ұлбосынның үйіне мерекемен құттықтап барып, қоларба мен сыйлықтар табыс етті. Аудан басшысы жасөспірім және анасымен тілдесіп, қажетті көмектер мен мемлекеттік қолдаулар туралы түсіндіріп өтті.


Жасөспірім 9-сыныпты бітірген. Үй жағдайында білім алады. Сабақ үлгерімі де жақсы. Болашақта тіл маманы және тіл жанашыры, мұғалім болғысы келетінін жеткізді.


Айта кетейік, бүгінгі таңда аудандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы мүгедектігіне байланысты үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 123 бала бар. Бөлім мамандары әр баланың денсаулығын жағдайын жіті бақылап, қажетті көмектер көрсетуде.