ТҮРКІСТАН: Төлебиге «Қасиетті жол» оңалту орталығының мамандары келді

0
1 224


ТҮРКІСТАН: Төлебиге «Қасиетті жол» оңалту орталығының мамандары келді

«Қасиетті жол Шымкент» оңалту орталығының мамандары Төлеби ауданында болып, тәжіибелерімен бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шара Төлеби ауданы әкімдігінің қолдауымен іске асып отыр.

«Қасиетті жол Шымкент» директоры Салтанат Көшерова бастаған дефектолог, логопед, трудотерапевт, психолог, невролог-дәрігерлері Төлеби ауданына арнайы келіп, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бүлдіршіндеріне емдік шараларын жүргізді. Сонымен қатар, орталық қызметкерлерімен тәжірибе бөлісті.

Айта кетейік, Төлеби ауданындағы мүгедек балаларды оңалту орталығы 2017 жылы өз жұмысын бастаған. Орталық ашылған кезде 25 бала арнаулы әлеуметтік қызмет алса, қазіргі таңда 30 балаға қызмет көрсетілуде.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы бойынша церебралды сал ауруына шалдыққан 26 мыңнан астам бала бар. Ал отбасы аз қамтылған, жалғызбасты аналар, церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек қолын ұсынатын «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қоры жұмыс істейді. Бұл қордың негізгі күн көріс есебі мемлекеттік бюджет емес, еліміздегі қайырымды жандардың арқасында жүзеге асады.