Тамшылатып суғару әдесі мол өнім берді.
Түлкібас ауданында биылғы жылы 502 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізіліп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тамшылатып суғару - ең алдымен судың ысырабын азайтып, екіншіден, өнім көлемі арттыратын суғарудың үнемді әдісі.
Бүгінгі таңда Түлкібас ауданының бау-бақша өсірумен айналысатын шаруалары алдынғы қатарлы озық техналогияларды қолдана отырып, мол өнім алуда.
2018 жылы ауданда 500 га жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілген болса, биылғы жылы қосымша "Кентау" ЖШС-і 81 га, «Арсен Ас» ЖШС-і 16 га, "Мөлдір" ЖШС-і 65 га, "Нар Дауа" ЖШС 14 га, "Мөлдір" ШҚ 10 га, "Мақұл" ШҚ 10 га, "Нұрбақыт" ШҚ 6,0 га, "Ақсанат инжиниринг" ЖШС-і 300 га жерге тамшылатып суғару әдісін енгізіп, мол өнім алуды көздеп отыр.
Бұл әдістің ерекшелігі, егіліп алынған өнім бұрынғы әдіспен егілген өнімнен 7-8 есеге дейін өнім көп береді және суды үнемдеумен қатар, арамшөптің шығуына да жол бермейді.