ТҮРКІСТАН: «Жастар практикасының» мерзімі 12 айға ұзарып, жалақысы 91 890 теңгеге жетті

0
1 181

70 мың адам жұмыспен қамтылады.


ТҮРКІСТАН: «Жастар практикасының» мерзімі 12 айға ұзарып, жалақысы 91 890 теңгеге жетті

Түркістан облысында «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 200-ден астам жас жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімі 12 айға ұзартылып, еңбекақысы 91 890 теңгеге жетті. Сонымен қатар, «Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімі 18 айға дейін ұзартылып, айлық мөлшері 91 890 теңгеге өскен. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді. Былтыр облыс бюджет есбебінен «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасымен - 229 адам, ал «Жастар практикасы» жобасымен - 5500-ден астам азамат жұмысқа орналастырылған.


«Биыл «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасының іске асырылуы жанданады. Аталған Ұлттық жобаның басты мақсаты -азаматтардың өз ісін ашу мен дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау. Ұлттық жоба 10 міндеттен тұрса, оның 3-і халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған», - деді Әсия Құралқызы.


Жалпы, биыл халықты жұмыспен қамту шараларына 70 мың адамды тарту жоспарланса, 240 мыңнан астам аз қамтылған азаматтарды қолдау көзделген.