Түркістанда жастар арасында «Адал жолды таңдаймыз» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны облысымызда алғаш рет өткізіліп жатыр.
Жастарды рухани адамгершілік пен азаматтық-патриоттық тәрбиелеуде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен бастау алған «Адал жолды таңдаймыз» марафоны аясында мектеп оқушыларының арасында жас ақындар мүшайрасы өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Іс - шара өскелең ұрпақтың бойында құқықтық сауаттылық, жемқорлық көріністерін ажырата білетін, «нөлдік» төзімділік қалыптасқан, білімді, бәсекеге қабілетті қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шараға қала мектептерінен 20 оқушы қатысып, «Адал ұрпақ» жайында өз туындыларын оқыса, екінші кезеңде «Өлеңнен өрілген ой» айдарында үміткерлер берілген тақырыптарға сәйкес өлең шығарды, көркемой кестесі мен тақырыпты ашуы, шешендігі, ой жүйелілігі, ұйқасы ескерілді. Патриоттық тұрғыда өткен шараға қатысқан жас ақындар жоғары деңгейде дайындықпен келген, өз қабілеттерін жоғары деңгейде ашып көрсете білген жас ақындар қазылар алқасы тарапынан алғысқа бөленді.