ТҮРКІСТАН: Жетісайда шекарашылар күні аталып өтті

0
646

Ертеректе 29 мамыр күні тойланатын бұл мереке 2012 жылдан бастап дәл осы күнге ауысқан.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда шекарашылар күні аталып өтті

Жетісай қаласында «Қорғаны сен елімнің» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


18 тамыз – шекарашылар күні. Осыған орай Жетісай қаласындағы орталық алаңда «Қорғаны сен елімнің» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Аталмыш кешке Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Марат Айнабеков пен қала әкімі Нұрлыбек Бахтияров, шекарашы сарбаздар мен қала тұрғындары қатысты.


«Қымбатты біздің айбынды офицерлер мен сарбаздар, шекара қызметінің ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғаудағы еңбектеріңіз орасан. Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз! Жауапты қызметтеріңізде қашанда табыстан табысқа жете беріңіздер! Еліміз аман, шекарамыз тыныш болсын», – Марат Айнабеков. Сондай-ақ бірқатар шекарашыларды аудан әкімі Серік Мамытовтың алғыс хаттарымен марапаттады.


Ертеректе 29 мамыр күні тойланатын бұл мереке 2012 жылдан бастап дәл осы күнге ауысқан. 1992 жылы құрылған шекара қызметінің Отанды қорғап, күні-түні көз ілмейтін қиындықтарын кез келген жанның біле бермесі анық.


Осынау темірдей әскери тәртіп пен жылдамдықты, шыдамдылық пен отансүйгіштікті, алғырлық пен жауапкершілікті бір арнаға тоғыстырған мамандық иелерінің кәсіби мерекелерін жоғары деңгейде атап өту мақсатында ұйымдастырылған мерекелік кеште аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері патриоттық әндер шырқады. Сонымен қатар шекарашы сарбаздар да өз өнерлерімен көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.