Тұрар Рысқұловтың туғанына биыл 127 жыл толып отыр.
Жетісай ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінде «Алаш арысының» бюсті ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Елі үшін еңбек етіп, бар ғұмырын халқының болашағына арнаған 1937–1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргінді басынан өткізген «Алаш арыстарының» бірі Тұрар Рысқұловтың туғанына биыл 127 жыл толып отыр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінде «Алаш арысының» бюсті ашылды.
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Шадияр Иманбердиев, бөлімнің әдістемелік кабинет меңгерушісі Разия Исаева, Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияров пен аудандық мәслихат депутаты Марат Қалдыбаевтың, зиялы қауым өкілдері мен мектеп директорларының қатысуымен өткен іс-шара қоғам қайраткерлерінің ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.
ХХ ғасырдың басындағы күштеп ұжымдастырудың салдарынан болған қолдан жасалған ашаршылықта 2 миллионнан астам қазақ аштан қырылса, 1 миллионға жуыққандасымызатажұртты тастап өзге елде бас сауғалады. Ал, елінің бас көтереразаматтарына «ұлтшыл» деген айып тағылып, «халық жаулары» атанды. Итжеккенге жер аударылып, еңбекпен түзеу лагерлеріне жабылып, жазықсыздан-жазықсыз ату жазасына кесілді. Саясиқуғын-сүргін құрбандарының жарлары да, отбасылары мен туыстары да ауыр жазаға ұшырады. Бұның бәрі де қылышынан қам тамған кеңестік дәуірдегі солақай саясаттың кесірінен орын алды.
«Бұл ескерткішті осы мектепте оқитын бүлдіршіндеріміз өткенінен өнеге алып, Тәуелсіздіктің қадірін түсінсін, ұғынсын деген мақсатта орнаттық. Бұл іске мектеп ұжымы мен осы мектеп түлектері атсалысты», - дейді Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінің түлегі, аудандық мәслихат депутаты Марат Қалтұрсынұлы.
Ал, Сталиндік террорлық саясаттың салдарынан 101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңы атылып кете барса, бүгінгі таңда сол «халық жауларының» 40 мыңы ғана ақталды. Алайда, кеңестік дәуірдегі қазақ халқының тарихында орын алған қайғылы да қасіретті жылдар зардабы әлі күнге толық зерттеле қойған жоқ.
Шараны ұйымдастырып отырған Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінің ұжымы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 20–30 жылдарда туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басшысы бола білген тұлғаның есімін ұлықтап, өмірі мен еңбектерін дәріптеу, Тәуелсіздік таңының оңай атпағандығын шәкірттерге түсіндіру және әрбір жастың жүрегіне ұлтжандылық пен қайсарлықты ұялату мақсатында ұйымдастырылып отырғандығын айтады.