ТҮРКІСТАН: Жол көлік апатына кінәлі Беларусь азаматы сотталды

0
1 043

Жетісай қаласындағы Амангелді көшесінің бойында жүк көлігін тізгіндеп келе жатып жеңіл автокөлікпен соқтығысқан


ТҮРКІСТАН: Жол көлік апатына кінәлі Беларусь азаматы сотталды

Түркістан облысы, Жетісай аудандық сотында Беларусь елінің азаматы жауапкершілікке тартылды. Шет елдікке қатысты әкімшілік іс түнде, яғни "Түнгі сот" пилоттық жобасы бойынша қаралған деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Беларусь республикасының азаматы К.В. Жетісай қаласындағы Амангелді көшесінің бойында жүк көлігін тізгіндеп келе жатып жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік айтарлықтай бүлінген. Жәбірленушіге материалдық залал келтірген. Соқтығысқан екі көліктіі жүргізушілері мен жолаушылар дін аман.

Сот, жоғарыда көрсетілген жағдайларда жүргізушінің жолда жүру ережелерін байқаусызда бұзып, көлік оқиғасына жол беріп, материалдық зиян келтіргенін анықтап, құқық бұзушыны ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, айыппұл жазасын қолданды.

Осылайша, «Түнгі сот» пилоттық жобасының әрекеті жәбірленушілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мен материалдық зиян сомасын қос тараптың уақытын үнемдей отырып, тез арада өндіру мүмкіндігін көрсетіп отыр,"-деп хабарлайды Жетісай аудандық сотының баспасөз қызметі.