ТҮРКІСТАН: «Жылжымалы медициналық көлік» елдімекен тұрғындарына қызмет көрсетіп жүр

0
685

Жиырма бес мыңға жуық халықты қабылдаған.


ТҮРКІСТАН: «Жылжымалы медициналық көлік» елдімекен тұрғындарына қызмет көрсетіп жүр

Ордабасыдағы елдімекендерде жылжымалы медициналық көмек көрсету орталықтары жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиынында аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Мырзагелдиев жылжымалы медициналық көмек көрсету жайлы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда аудандық Орталық ауруханасының «Жылжымалы диагностикалық медициналық кешенді автокөлігі» елдімекендерді аралап, тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде. Медициналық топ былтырғы жылдың басынан бері Ордабасыға қарасты барлық елді мекендерді аралап, жиырма бес мыңға жуық халыққа қабылдау жүргізген.


Аталған медкөлікте қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы лифт-пандуспен жабдықталған. Сондай-ақ, жарық сөніп қалған жағдайда генератор арқылы жұмыс істейді.


Жылжымалы медициналық кешен пациенттерге толық медициналық тексеру жүргізу үшін қажетті барлық заманауи цифрлық зерттеу құрылғыларымен жабдықталған 8 мамандандырылған кабинеттен тұрады. Тарқатып айтар болсақ, жалпы қабылдау аймағы, жалпы тәжірибелі дәрігер, анализдер қабылдау, дәріханалық пункт, акушер-гинеколог кабинеті, функционалды диагностика кабинеті, ЭКГ, УДЗ және ренгенологиялық рентген, флюорография аймағынан тұрады.