Түркістанда 25 бригадаға арналған жедел жәрдем станциясы салынады

0
420

Жалпы жер аумағы 2,2 гектарды құрайды.


Түркістанда 25 бригадаға арналған жедел жәрдем станциясы салынады

Түркістанда 25 бригадаға арналған облыстық жедел жәрдем станциясы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімдігі мен «Қазақстандық-Француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорны» ЖШС Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған облыстық жедел көмек станциясын салу туралы меморандумға қол қойды. Оның құрамына кардиологиялық, педиатриялық, реанимациялық-хирургиялық, неврологиялық, психиатриялық, токсикологиялық бригадалар болады. Жедел жәрдем станциясы жылына 70 000 шақырыруға шыға алады.


«Бұл жобаның мақсаты - Түркістан қаласы мен оған іргелес жатқан елді мекен тұрғындарына уақытылы жедел медициналық көмек көрсету болып. Мұнда ересектер мен балаларға тәулік бойы тегін жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі», - деді өз сөзінде Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.


Айта кетейік, жобаның технологиялық бөлігі әкімшілік-тұрмыстық корпусты, орталық зарарсыздандыру бөлімшесі ғимараты мен кір жуатын орынды, 25 арнайы медициналық көлікке арналған гараж бен бақылау-өткізу пунктін қарастырады. Жобаның технологиялық шешімдері нысанның қызметін, оның қауіпсіздігі мен барлық нормативтік талаптардың орындалуын толығымен қамтамасыз етеді.


Жедел жәрдем станциясының жалпы жер аумағы 2,2 гектарды құрайды. Тапсырыс беруші - Түркістан облысының құрылыс басқармасы. Жобаның жалпы құны - 1,483 млрд. теңге. Құрылыс бойынша бас мердігер «А-Спецстрой» ЖШС-гі. Жедел жәрдем станциясының нысаны 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.