Түркістанда ангиографиялық жүйе орнатылған ота залы ашылды

0
558

Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар жалғаса бермек.


Түркістанда ангиографиялық жүйе орнатылған ота залы ашылды

Түркістан қалалық орталық ауруханасына «Euroampli Alien Cardio» жылжымалы ангиографиялық жүйесі орнатылған ота залының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл іс-шараға Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Пашимов қатысты.


“Бүгін Түркістан қаласындағы орталық ауруханаға заманауи жылжымалы ангиографиялық жүйесі орнатылды. Одан бөлек, Сайрам және Сарыағаш аудандық ауруханаларына да қойылған болатын. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Мұның бәрі халық үшін жасалып жатқан жұмыстар. Денсаулық сақтау министрлігі және облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз. Мемлекеттік қолдаудың арқасында осындай құрал-жабдықтар медициналық мекемелерге қойылып жатыр. Бұл жүйе жүрек, ми және аяқ-қол тамырларына күрделі ота жүргізуге мүмкіндік береді”, – деді Марат Орынбасарұлы.


Сондай-ақ басқарма басшысы ауруханадағы ангиохирургия бөлімшесін аралады. Ұлттық ғылыми медициналық орталығының жетекші хирург-интервент маманы Б.Усмановтың қатысуымен өтетін мастер-класс барысында емдеу жоспарланған науқастардың жағдайымен танысып, тілдесті. Айта кетейік, алдағы уақытта да халық үшін игі жұмыстар атқарылып, денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар жалғаса бермек.