​Түркістанда азық-түлік белдеуі қалыптасады

0
1 257

Қазіргі таңда кешенді жоспар бойынша жалпы құны 63,0 млрд теңге болатын 7 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.


​Түркістанда азық-түлік белдеуі қалыптасады

Алдағы уақытта Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда радиусы 15,0 шақырымды азық-түлік белдеуі 2 кезеңде интенсивті технологиялаврды қолдана отырып және шаруалардың қолдауымен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, кешенді жоспар бойынша жалпы құны 63,0 млрд теңге болатын 7 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде жыл сайын қосымша 30,0 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 2500 астам жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.
Бұл жұмыстардың барысы Түркістан қаласының маңындағы Шаға ауылдық округінде өткен «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы» атты республикалық семинар кеңесте жанжақты талқыланды. Оған ҚР АШМ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, ғылыми институттар басшылары, ғалымдар, басқарма басшылары, аудан,қала әкімдері, агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан бекітілген «Түркістан облысының әлеуметтік экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында аграрлық салаға, оның ішінде Түркістан қаласы аумағында 11,0 мың га алқапқа азық түлік белдеуін қалыптастыру және ағын су тапшылығын жою мақсатында су нысандары құрылысын жүргізуге үлкен басымдық беріліп отыр.