Спортты қолдау жұмыстары жалғасады.
Түркістан қаласында екі спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ескек есу базасына барды. Қазіргі уақытта ескек есу базасының тіреуіш қабырғалары мен су келетін каналына бетон құю және өзге де жұмыстары жүріп жатыр.
Ал, Түркістан қаласындағы олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасында ішкі инженерлік жүйелерді монтаждау, сыртқы қасбетін орнату, ішкі қабырғаларын сылау жұмыстары жүргізілуде. Бес қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 4184 шаршы метр. Жатын орындар саны – 202. Екі спорт нысаны да биыл ел игілігіне беріледі. Облыс әкімі спорттық нысандардың жастар ғана емес, жалпы тұрғындар үшін маңызды екеніне тоқталып, саламатты ұрпақ тәрбиелеуге жағдай жасау, спортты қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.