Түркістанда Құран кітаптарына арналған көрме жасақталды

0
880

Онда көне әрі сирек кездесетін Құран кітаптары қойылған.


Түркістанда Құран кітаптарына арналған көрме жасақталды

Түркістанда «Қасиетті Құран – қос дүниенің нұры» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Қасиетті Құран – қос дүниенің нұры» атты Құран кітаптарға арналған көрме ұйымдастырылды. Шараға Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов, орталық директоры Гүлжанат Дүйсенбаева мен Халықаралық туризм және меймандостық университетінің білім алушылары қатысты. Көрмеде кітаптардың шығу тарихы мен құндылықтары баяндалды.


«Ұлы Дала Елі» орталығынның басшысы Гүлжанат Ибраһимқызының айтуынша, Рамазан айына орай ұйымдастырылған көрмені 22 наурызға дейін тамашалауға болады. Онда көне әрі сирек кездесетін Құран кітаптары қойылған.