Түркістанда «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шара өтті

0
1 956

Бір топ облысымыздың тіл жанашырларын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.


Түркістанда «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шара өтті

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет сарайында Қазақстан халқы тілдері мерекесі мен этномәдени бірлістіктердің тілі мен мәдениет күндеріне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ сайтының Түркістандағы тілшісі.

«Тіл – қастерлі де қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар», - деп Елбасы атап көрсеткен болатын.
Мерекелік шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков жиналған көпшілікті Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтап, бір топ облысымыздың тіл жанашырларын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ө.Мелдеханов сөз сөйлеп, ұлтының тілі мәдениетін сақтап, насихаттап жүрген азаматтарға облыстық мәслихаттың грамотасын табыстады. Мерекелік шара облыстық мәдениет басқармасының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.