Түркістанда «Мәслихат 30 жыл» байқауының үздіктері анықталды

0
537

Байқаудың мақсаты — Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл толуына орай, облыстық мәслихаттың 30 жылдық тарихын, мәслихаттың рөлін халық арасында кеңінен насихаттап, депутаттың жұмысын көрсету.


Түркістанда «Мәслихат 30 жыл» байқауының үздіктері анықталды

Түркістанда «Мәслихат 30 жыл» байқауының үздіктері марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Түркістан облыстық мәслихаты журналистер арасында «Мәслихат 30 жыл» байқауын қорытындылады. Арнайы номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, салтанатты марапаттау кеші өтті. Мерекелік кешке Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және байқау қатысушылары қатысты.


Салтанатты жиынды Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов сөз сөйлеп ашып берді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтады.


«Журналистер – мемлекет пен қоғамның арасындағы алтын көпір. Сіздер елдің, Түркістан облысының даму бағдарын, оң өзгерістерді халыққа жеткізуде шешуші роль атқарып келесіздер. Биылғы Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығы құтты болсын. Бүгін осы айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған байқаудың ең үздік қатысуышларының басы қосылып отыр. Отыз жылдық аясында облыстық мәслихат түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Алдағы уақытта да түрлі бағыттағы жұмыстарды сіздермен бірлесе атқарамыз деген ойдамын. Мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеймін», – деді ол.


Биыл Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл. Осыған орай Түркістан облыстық мәслихаты 30 жылдық аясында «Мәслихат 30 жыл» атты журналистер арасында байқау жариялаған болатын. Бір ай көлемінде өткен конкурсқа облыстық, аудандық және қалалық БАҚ өкілдері белсенді қатысты. Телеарна, ақпараттық сайт және өңірлік басылымдарға арнайы ақпарат дайындап көпшілікке ұсынды. Халық пен билік арасындағы алтын көпір болған халық қалаулыларының жұмысын кеңінен насихаттады.


Салтанатты марараттау барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Сансызбайұлы, мәслихаттың 30 жылдығымен көпшілікті құттықтап, мәслихат жұмысына сәттілік тіледі. Марапаттау рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы арнайы құттықтау сөз сөйлеп, көпшілікті ізгі тілегін білдірді.


Айта кетейік, 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орайластырылып өткізілген байқауға 30-ға жуық өтінім келген. Барлық қатысушылар мәслихаттың маңыздылығын, сонымен қатар депутаттық мандат иелерінің жұмыстары туралы кеңінен, зерделеу жұмыстарын жасаған.


Байқаудың мақсаты — Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл толуына орай, облыстық мәслихаттың 30 жылдық тарихын, мәслихаттың рөлін халық арасында кеңінен насихаттап, депутаттың жұмысын көрсету.


Салтанатты жиында байқау қорытындысы бойынша, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әлмаханұлы жүлделі орын иегерлерін марапаттап, қаржылай сертификаттар табыс етті.


1-орын “Айғақ” телеарнасының редакторы Әбсағат Арайлым,

2-орынды “Түркістан” газетінің тілшісі Роза Нарымбетова және 3- орынды “Сауран” газетінің бас редакторы Ләззат Сарыбаева жеңіп алды.

Сонымен қатар, байқау ережесіне сәйкес, арнайы номинация бойынша үздіктер де марапатталды. Барлық қатысушыға арнайы сыйлық пен алғыс хат табыс етілді.


Ән-күймен әрленген мерекелік кеште қонақтар әсем ән тыңдап, мың бұралған бишілердің өнерін тамашалады.