Түркістандағы 38 үйдің сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде

0
2 230

180-ге жуық техника мен 1500-ден астам жұмысшы қызмет етуде.


Түркістандағы 38 үйдің сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде

Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда 38 үйдің сыртқы әрлеу (фасад) жұмыстары жасалуда. Яғни, аталған құрылыс жұмыстары аясында монолит, газоблок қалау, терезе қою жұмыстары іске асырылуда. Сонымен қатар, сыртқы қасбеттерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Одан өзге инженерлік инфрақұрылым аясында су мен кәріз құбырларын тарту, электр жүйесі, газбен жабдықтау, жер тегістеу, асфальт жабындысын төсеу, ағаш отырғызу, аяқжол тақталары орнатылып, телефон канализациясы тартылуда.

Жалпы, құрылыс жұмыстары үшін 180-ге жуық техника мен 1500-ден астам жұмысшы қызмет етуде. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.