І.Қожабаев, Кенесары, Шаяхметов, Ә.Рысбеков, Семей көшелері мен I-II мөлтек аудандарында жүргізілді.
Түркістанда өткен тазалық шарасына 1000-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында санитариялық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында 1000-ға жуық адамның қатысуымен ауқымды сенбілік өтті. Қала әкімінің бекітілген кестесіне сай ұйымдастырылған тазалық шарасына қала тұрғындары, эко-белсенділер, ерікті азаматтар қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тазарту жұмыстары шаһардағы І.Қожабаев, Кенесары, Шаяхметов, Ә.Рысбеков, Семей көшелері мен I-II мөлтек аудандарында жүргізілді. Нәтижесінде аталған аумақтар қураған шөптер мен күл-қоқыстардан тазартылды. 6 аумаққа бөлініп жиналған қоқыстарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 15 техника жұмылдырылды.