Түркістандық азамат ірі қара мал сойып, етін мұқтаждарға таратып берді

0
1 063

Орталық мешітте жамағаттар жиылып құрбандық шалып жатыр.


Түркістандық азамат ірі қара мал сойып, етін мұқтаждарға таратып берді

Түлкібастық азамат мал сойып, етін 40 отбасыға таратқан, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында ел аумағында дендеген дертке шипа тілеп әрі одан қорғану үшін жамағаттар жиылып құрбандық шалып жатыр. Сол игі іс-шараның бірі тағы да орындалып, Түлкібас аудандық орталық мешітінде бұқа сойылды. Ал нәзір малдың еті жоқ-жітіктерге, қаріп-қасерлерге, жетім-жесірлерге, жалпы мұқтаж 40 отбасыға таратылды. Сондай-ақ, ауданның бас имамы Мағаз Серік ел-жұрттың амандығы үшін дұға етті.

Сондай-ақ, аталған ауданда үйінде жатып ем қабылдап жатқан науқастарға бақылау күшейтілген.

«Бүгінде сырқаттанып жатқан науқастардың біршамасы үйлерінде ем қабылдап жатқаны белгілі. Осы ретте Түлкібас ауданында барлық ауылдық округ, кенттердің әкімдіктерінен жеңіл көлік пен жүргізуші бөлініп, сол аймаққа жауапты дәрігермен бірге науқастардың үйін жеке-жеке аралап ем домдарын жасауда», - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, қазіргі таңда әр елді мекен бойынша сырқаттанып жатқан тұрғындардың тізімі жасақталып, аймақтық дәрігердің қатаң бақылауына алынған.