Түркістандық демеушілер мектеп шатырын жаңартып берді

0
660

Типтік мектеп 1980 жылы пайдалануға берілген.


Түркістандық демеушілер мектеп шатырын жаңартып берді

Сайрам ауданындағы мектептің тозығы еткен шатыры жөнделді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібековтың бастамасымен 2021 жылдың наурыз айынан бастап ауданның ауыл округтерінде «Ауылым-ел тірегі» жобасы онкүндік болып, кестеге сәйкес өтіп жатыр. Осы жобаның соңғы көші аудан орталығына да жетті. Ақсукент ауыл округі бойынша 67 іс-шара жоспарланса, соның бірі №7 Бабур атындағы ЖОМ-нің шатырын жөндеу жұмыстары демеушілер тарапынан шешімін тапты.


Бабур ЖОМ-і 1980 жылы пайдалануға берілген типтік мектеп. Сыйымдылығы 1176 балаға арналған мектеп бюджет тарапынан 2015 жылы 2 корпусы күрделі жөндеуден өткен. Дегенмен асхана, кітапхана,тағы қызметтік бөлмелерінің төбесі битуммен жабылған бөлігінің шатыры жөндеуді қажет етіп тұрған еді. Осы мәселе демеушілер тарапынан шешімін тауып, 680 квадрат метр көлемінде 4,5 миллион теңгеге профнастилмен жабылды.


Демеушілерге адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы Қ.Шадиева мен мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс білдірілді.