Түркістандық диқандар 115 мың тонна мақта жинады

0
726

48 943 гектар аумаққа мақта дәні себілген.


Түркістандық диқандар 115 мың тонна мақта жинады

Жетісай ауданында 115 мың тонна мақта жиналды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы мақта алқаптарында жиын-терім жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта диқандардың қоймасына 115 мың тонна мақта жиналып қойған. Атап айтсақ, ақ алтынның өнімділігі гектарына 23,6 центнерден түсіп отыр. Шаруалар бірінші терім жұмыстарын бірнеше күнде толығымен аяқтайды деп күтілуде.

Жалпы, Жетісай ауданында биыл 48 943 гектар аумаққа мақта дәні себілген. Жетісай ауданында мақта түсімділігі жағынан Атамекен ауыл округі көш бастап келеді. Ондағы шаруалар мақтаның әр гектарынан орташа есеппен 27,6 центнерден өнім алса, Ж. Ералиев ауыл округінде 26,8 центнерлік түсіммен үздік үштіктің қатарынан көрінген. Ал, Абай ауыл округінің мақташылары 26,5 центнерлік өнімділік көрсеткішіне қол жеткізді. Бүгінгі таңда Атамекен ауыл округінің мақташылары - 14 мың 769 тонна, Жылысу ауыл округі - 13 мың 783 тонна, Мақталы ауыл округі -12 мың 597 тонна мақта жинап үлгерген.