Түркістандық кәсіпкер түйе сүтінен йогурт өндіреді

0
801

Құйылатын құтыны да өздері жасайды.


Түркістандық кәсіпкер түйе сүтінен йогурт өндіреді

Арыстық кәсіпкер түйе сүтінен йогурт өндіру қолға алмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласы, Дермене ауылдық округіне қарасты Саналы елді мекеніндегі «Желмая» цехы түйе сүтін тереңдетіп өңдеу арқылы өнім түрлерін арттырумен айналысуда. Дерменелік жеке кәсіпкер Сапарәлі Қалбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда «Желмая» ауыл шаруашылық өндірісінің кооперативі тәулігіне 1,5 тоннаға дейін шұбат өндіреді. Қазіргі таңда біздің өнімдері арнайы пластикалық бөтелкелерге құйылып, Түркістан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарына жөнелтіліп жатыр.


Жобалық құны 40 млн. теңгені құрайтын «Желмая» шұбат өңдеу цехы 2017 жылы іске қосылған. Бүгінгі таңда цех 8 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.


Кәсіпорының бір ерекшелігі бұл жерде дайын өнім құйылатын құты да осында қалыпқа келтіріледі.


Сондай-ақ, мұнда түйе сүтін өңдеу арқылы шұбатқа айналдыру процесі мен оны арнайы құтыға құю жұмыстарының бәрі озық технология көмегімен іске асырылады. Кәсіпкер болашақта осы бағыттағы жұмысын жаңғырта отырып, жаңа өнімдер шығаруды жоспарлап отыр.


Яғни 2022 жылдың соңына дейін сауынды түйе санын 400 басқа жеткізіп, йогурт өндіруді қолға алмақ.