Түркістандық полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен шетелдікті тапты

0
790

Кентау қаласында көлікке отырғаннан кейін үйіне қайта оралмаған.


Түркістандық полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен шетелдікті тапты

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Кентау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне Оңтүстік Корея азаматының жоғалып кеткендігі хабарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылы қараша айының соңында Түркістан облысы Кентау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны оның күйеуі, Оңтүстік Корея азаматы із-түзсіз жоғалып кеткендігі жөнінде арызданған. Белгілі болғандай, ер адам Кентау қаласына қыдырып келіп, қала көшелерінің бірінде көлікке отырғаннан үйіне қайта оралмаған.

Тиісінше, жоғалған шетелдікті іздеуге Кентау ҚПБ-нің және Түркістан облысы ПД-нің криминалдық полиция қызметкерлері және барлық жеке құрамы жұмылдырылып, жоғалған адам туысқандарының қоңырауларына жауап бермегенін ескерген жедел уәкілдер іздестіру іс-шараларының тұтас кешенін жүргізген. Нәтижесінде, полиция қызметкерлері жоғалып кеткен ер адам Кентау қаласына таныстарымен бірге келіп, сол жерден Түркістан қаласына, кейін Шымкент қаласына және одан соң Алматы қаласына кетіп қалғанын анықтаған.

Сондай-ақ, Түркістан облысы ПД мен Кентау ҚПБ криминалдық полиция қызметкерлері төртінші тәулікте Алматы қаласының көшелерінің бірінен хабар-ошарсыз жоғалып кеткен шетелдікті тауып, оны туыстарына тапсырды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған оқиғаның мән-жайын анықтауда.