Түркістандық полицейлер шекарадан есірткі алып өтпек болған өзбек азаматтарын ұстады

0
892

Есірткі заттарын табуға қызметтік иттер көмектескен.


Түркістандық полицейлер шекарадан есірткі алып өтпек болған өзбек азаматтарын ұстады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының тәртіп сақшылары бірнеше есірткі сақтау және контрабанда қылмыстарын анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне Қазығұрт шекара бекетінен Өзбекстан азаматының айналыстан алынып тасталған затты алып өтпекші болғаны жөнінде хабарлама келіп түседі.

Тиісінше оқиға орнына тез арада жеткен полиция қызметкерлері тексеру барысында "Келли" атты қызметтік иттің көмегімен шетелдіктен есірткі затын тапты. Тінту кезінде тәртіп сақшылары күдіктіден өсімдіктен алынған есірткі заты бар екі пакет тәркілеп, ол сараптама қорытындысына сәйкес салмағы 9 грамға жуық "кептірілген марихуана" болып шыққан.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары Жібек жолы бекетінде тағы бір Өзбекстан азаматын контрабандалық жолмен есірткі өткізбек болған жерінен ұстады. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, лақап аты "Золотой" қызметтік иті күдіктіден гашиш бар пакетті анықтауға көмектескен. Тінту барысында жедел уәкілдер өзіне тән иісі бар 1 пакет есірткі затын тәркілеп, ол заттың салмағы 3 грамнан асатын гашиш екенін анықтайды.

Қазіргі уақытта осы жайттар бойынша ҚР ҚК екі бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде: оның бірі ҚР ҚК-нің 286-бабы"Айналыстан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы" және 296-бабы "Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарын, прекурсорлармен заңсыз жұмыс істеу" бойынша жұмыстар атқарылуда.

Айта кетейік, бүгінгі таңда күдіктлері қамауға алынып, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.