30 теңгеден өңірдегі мейрамханалар мен сауда орындарына өткізеді.
Түркістандық шаруа бөдене жұмыртқасын сатумен айналысып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласының тұрғыны Сапарбек Маханов бөдене құсын өсіруді қолға алған. Бүгінде оның шаруашылығында 3 500-ден астам құс бар. Кәсіпкер күн сайын 1 300 жұмыртқаны 30 теңгеден өңірдегі мейрамханалар мен сауда орындарына өткізеді. Кәсіпкер бөдене өсіруді осыдан 6 ай бұрын ғана қолға алған. Алдымен Шымкент қаласынан 2 000 дана бөдене жұмыртқасын сатып алып, оны арнайы инкубаторда өсірген.
Қазір онда бөдененің 4-5 түрі өсірілуде. Құстың 1 300 аналығы 16 сағат сайын 1 жұмыртқадан береді. Мамандардың айтуынша, бөдененің еті де, жұмыртқасы да ағзаға пайдалы. Сондықтан аталған өнім нарықта үлкен сұранысқа ие.
Айта кетсек, шаруа иесі кәсібін өз қаражатына бастаған. Ендігі кезекте шаруашылығын кеңейту мақсатында мемлекеттік қолдауға сүйенбек.