Түркістандық тоғызқұмалақшылар ел чемпионатынан олжалы оралды

0
779

3 алтын, 3 күміс және 3 қола медальға ие болды.


Түркістандық тоғызқұмалақшылар ел чемпионатынан олжалы оралды

Тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтіп, түркістандық спортшылар олжалы оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жуырда Тараз қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Түркістан облысының талантты спортшылары республикалық жарыста көш бастады. Жерлестеріміз шеберліктерін көрсетіп, 3 алтын, 3 күміс және 3 қола медальға ие болды.


Ел чемпионатында бақтарын сынаған 21 жас аралығындағы қыздар сынында Түркістан облысының намысын қорғаған талантты спортшы қыз Аружан Салман блиц түрінен бірінші орынды, ал, рапид жарысында күміс жүлдені жеңіп алды. Сөйтіп, классика және блицтен Азия чемпионатына жолдаманы олжалады. Сонымен қатар дарынды жерлесіміз Гүлназ Байболат та тоғызқұмалақтың классика түрінде сынға түсіп қола жүлдегер атанды.


Ұлдар арасында да 21 жас аралығындағы спортшылар ішінде түркістандық Ернұр Алибек классикадан қола жүлдені, 19 жас қыздар арасында Түркістан Ақбота Намаз классика бойынша – күміс, ал, блиц түрінен алтын медаль иеленді. 15 жасқа дейінгі ұлдар жарысында Зауытбек Лес рапид сынында жеңімпаз атанса, тағы бір жерлесіміз Ерасыл Сайлаубек блиц бойынша күміс жүлдені иеленді. Ал 15 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жарыста түркістандық Қарақат Жандосқызы классика бойынша қола жүлде еншіледі.