Түркістандық тұрғын жасөспірім қыздарға зорлық көрсету бойынша қамалды

0
630

Ер адам өз кінәсін мойындаған.


Түркістандық тұрғын жасөспірім қыздарға зорлық көрсету бойынша қамалды

Түркістан облысының полицейлері зорлық жасау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов мәлім етті. Полиция бастығының сөзіне сүйенсек, Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.


«Түркістан облысы ПД бастығы ретінде менің тапсырмам бойынша арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігі "зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті іс-шаралардың барлығы жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен Отырар ауданының тұрғынын бірден ұстап, қамауға алдық. Ер адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Тиісті сараптамалардың барлығы тағайындалған», - делінген оның хабарламасында.