Түркістандық жігіттер үйден есірткі зертханасын ашып алған

0
700

«Опий» бар 10 мл-дік 2 құты, пакеттегі марихуана, есірткі дайындауға арналған заттар мен шолақ мылтық тәркіледі.


Түркістандық жігіттер үйден есірткі зертханасын ашып алған

Түркістандық полицейлер үйінен есірткі зертханасын жасаған есірткі сатушы жігіттерді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, есірткі заттарын сатқан күдікті 2 ер адамды анықтады.


Кентау қаласында тұратын күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер есірткі зертханасы мен притон тапты. Одан соң құрамында «опий» бар 10 мл-дік 2 құты,пакеттегі марихуана, есірткі дайындауға арналған заттар мен шолақ мылтық тәркіледі.


«Ал екінші күдіктінің тұрғылықты жерінен полиция діни мазмұндағы кітапты тапты. Күдіктілер Кентау мен Түркістан қаласының тұрғындары, олардың бірі деструктивті-діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұрады. Екеуі де бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Барлық мәнжай анықталуда», - деп мәлімдеді бұл туралы облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.