Түркістандықтар Семей полигонының құрбандарын еске алды

0
756

Семей полигонының жабылғанына 32 жыл толды


Түркістандықтар Семей полигонының құрбандарын еске алды

Түркістан қаласында Семей полигоны зардаптарымен күресуге қатысқан 579 ардагер бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Семей полигонының жабылғанына 32 жыл толды. Талайлы тарихты бастан кешкен еліміз үшін Семей қасіреті XX ғасырдың шежірелі шері болып мәңгі қалды.


Түркістан қаласында Семей полигонының құрбандарын еске алды. Шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, қалалық«Ядролық сынақ полигонының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахадыр Сержанов пен ядролық сынақ полигонын жоюға атсалысқан түркістандық ардагерлер қатысты.


«Жан түршігерлік алапатқа тоқтау қойған қаулы егемен ел ретінде Қазақстанның алғашқы қабылдаған тарихи шешімдерінің бірі болды. Зұлмат күндерде еліміздің болашағы үшін азаматтық міндетін абыроймен атқарған қандасымызға тағзым етеміз», – деді қала әкімінің орынбасары.


Шара соңында ядролық сынақ полигонының түркістандық ардагерлеріне қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың алғыс хаты табысталды.


Айта кетейік, Түркістан қаласында Семей полигоны зардаптарымен күресуге қатысқан 579 ардагер бар. Оларға ай сайын 25 АЕК көлемінде жәрдемақы беріледі.