Түркістанның тумасы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

0
474

Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері.


Түркістанның тумасы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Ғұсман Қырғызбаев — Олимпиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық татами шебері, Түркістан облысының тумасы, бүінде Алматыда тұратын Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алды.


Бұл қазақ дзюдосы тарихындағы триумф! Парижде алғаш рет олимпия ойындарында біздің команда 1 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазаққа айналды.


Естеріңізге сала кетсек, Қырғызбаев алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, қарсыласын жарыс жолынан тайдырса, екінші белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан айласын асырып, жартылай финалға шықты. Бірақ финалға шығар тұста бразилиялық қарсыласқа есе жіберді. Дегенмен, шешуші сында қола жүлдеге қол созды.


Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері.


Кеше, 27 шілдеде Париж татамиіне қазақстандық екі дзюдошы шыққан еді. Әбиба Әбужақынова (48 кг) қола жүлдеге таласта Швеция өкілі Тара Бабулфаттан жеңіліп, алғашқы олимпиадасын 5-орынмен аяқтады.


Ал, Елдос Сметов (60 кг) финалда франциялық дзюдошы Лука Мхеидзені жеңіп, Олимпиада чемпионы атанған болатын.


Ғұсман Қырғызбаев 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.