"Түрмеден шығарып беремін": Түркістандық тұрғын алаяққа алданып қалған

0
872

1,5 миллион теңге берген.


иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы полицейлері туысын түрмеден шығарып беремін деп төлебилік тұрғынды алдаған алаяқты ұстады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын шағым түсіріп, жәбірленуші әйел өзіне жақсы таныс емес азамат, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған қайнысын түрмеден босатып беремін деп алдап, сеніміне кіргенін айтқан. Содан тұрғын алаяққа алданып, бірнеше бөліп ақша бергенін, әні-міне шығарады дегеніне сенгенін, осылайша жылға жуық уақыт алданған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады.

Төлебилік тұрғынды алдаған алаяқты ұстау жұмыстарының нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталып, қашып жүрген азамат үйіне келген жерінен ұсталды. Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай күдікті жәбірленушімен кездейсоқ кездесіп қалып, әңгіме арасында сотталған қайнысын шығара алатын айтып, алдап, одан ақша алғанын толық мойындады. Күдікті өз сөзінде осы қылмысты ақша қажет болғандықтан, оңай жолмен олжалы болу мақсатында жасағанын жеткізді. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары «Алаяқтық» бабымен жүргізіліп, жинақталған материалдар сотқа жолданған.