«WORLDSKILLS TURKІSTAN-2022» облыстық чемпионаты басталды

0
602

Қатысушыларға 284 сарапшы жетекшілік ететін болады.


«WORLDSKILLS TURKІSTAN-2022» облыстық чемпионаты басталды

Түркістан облысында «WORLDSKILLS TURKІSTAN-2022» чемпионаты бастау алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласы, "Ақжайық" музыка мектебінде облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «WORLDSKILLS TURKІSTAN - 2022» облыстық чемпионатының ашылу рәсімі өтті.


Аталған іс-шараны Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы салтанатты түрде ашып, чемпионатқа қатысушыларға сәттілік, ақ жол тіледі.


Мұндағы басты мақсат – техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының білім беру процессіне оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың кәсіби деңгейін көтеру, студенттер мен педагог қызметкерлерін даярлау бойынша практикалық дағдылары мен іскерліктерін пысықтау, білім беру мен оқытудың заманауи технологиялары мен әдістерін, Қазақстан мен шетел практикасының ерекшеліктерін қолдану.


Сондай-ақ, аталған чемпионат аясында студенттердің шығармашылық – инновациялық жобаларының көрмесі және студенттер жасаған ауыл шаруашылық техникаларынан ұйымдастырылған көрме тамашаланды.


Айта кетейік, чемпионат 14 колледждің базасында 59 құзыреттілік бойынша өткізілу жоспарланып отыр. Және де алдағы уақытта бұл облыстық чемпионатқа 38 колледжден 294 қатысушыға 284 сарапшы жетекшілік ететін болады.