Ясауи кесенесінің тарихи орталығын әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды

0
1 579

​Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін техникалық қолдауға арналған семинар өтуде.


Ясауи кесенесінің тарихи орталығын әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды

ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Кластерлік бюросы ЮНЕСКО мен Нидерландының Мақсатты қорының іс-шарасы "Орталық Азиядағы тарихи қалалық ландшафттарға бағытталған тәсілді енгізу арқылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін техникалық қолдау" жобасы аясында жалғасын тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Семинарға Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазқайтажаңғырту» РМК, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері, ұлттық мұражайлардың директорлары мен қызметкерлері, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген нысандарға жауапты тұлғалар және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұра Орталығының халықаралық сарапшысы қатысуда.
Семинардың негізгі мақсаты - қаланы дамыту процесінде шешім қабылдайтын жергілікті, ұлттық, аймақтық, мемлекеттік жеке субъектілерді қамтитын мүдделі тараптарды "Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген тарихи қалаларды дамыту саласындағы негізгі механизм болып есептелетін тарихи қалалық ландшафттарға бағытталған тәсілді енгізу бойынша ЮНЕСКО-ның ұсынымдарымен" таныстыру. Аталған форум қалалық ортада Дүниежүзілік мұра объектілерін қорғау жөніндегі күш-жігерді барынша тығыз үйлестіруді қамтамасыз етуге шақыруда. Сондай-ақ, тиісті органдардың реттеу, бақылау және жоспарлау жөніндегі құрылымын анықтау бойынша көмек көрсетуге бағытталуда.

2018 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының шақыруы бойынша ЮНЕСКО/ИКО­МОС консультативтік мис­сия­сы өткізіліп, онда «Жібек жолы» бойындағы Түркістан қаласының келешекте туризм орталығына айналуына жол аша отырып, бү­кіләлемдік деңгейдегі мәдени мұраға зиян тигізбей, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мәселелері қаралған болатын. Қазақстан мен ИКОМОС арасындағы бірлескен жұмысты жалғастыру мақсатында қолға алынған екі күнгі семинарда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күзет аймағын дамыту, буферлік аймақты жоспарлау, басқару және консервациялау жұмыстары бойынша да бірқатар ұсыныстар қарастырылуда.
"Бүгінгі семинар біз үшін өте өзекті. Басты мақсат Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихи орталығын әрі қарай дамыту аясындағы мәселелерді талқылап отырмыз. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихи дамуы жөнінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2017 жылғы қаңтар айында ЮНЕСКО-ның қарауына бірнеше ұсыныстарын енгізген болатын. Бұл іс-шара сол ұсыныстардың жалғасы болып табылады. Семинар аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағын, қорғау аймағын дамытуды Бүкіләлемдік Мұраны қорғау конвенциясы аясында Халықаралық шарттарды негізге ала отырып, шешуді көздеп отырмыз. Кесене ЮНЕСКО қарауында болғандықтан қандай ұсыныстар болмасын ұлттық сарапшылардың елеп-екшеуінен соң бір шешімге ие болады", - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тарихи, мәдени мұра басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Сейдалиева.