​Жансейіт Түймебаев: «Жаңа техникалар ел игілігіне қызмет атқарады»

0
1 484

Шараның маңызды бөлігіне сай бірқатарсала мамандарына алғыс хат табыстаған облыс әкіміжаңа техникалармен танысып шықты.


​Жансейіт Түймебаев: «Жаңа техникалар ел игілігіне қызмет атқарады»

Түркістанда аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне жаңа 20 бірлік арнайы техникаларды салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Есім хан алаңында ТЖД-нің басшылығы менқұрамы және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткенжиында өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Жүнісов, облыстық Төтенше жағдайлар жүйесін 25 жылдан астам уақыт басқарғанқұрметті ардагер, полковник Уалихан Ережепов құттықтау сөзін арнап, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Тәуелсіздік қарсаңында өткізіліп жатқан іс-шараның өздік ерекшелігі орасан.Себебі, азаматтық қорғау қызметкерлерінің жігерін арттырып, қызметтерін адал атқаруға үлес қосатыны сөзсіз. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарының жыл сайынғы қолдауы біздің материалдық техникалық базамызды нығайтып, жаңа мүмкіндіктер ашуда.Осының барлығы Түркістан облысы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар», -деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Сырлыбайұлы.

Шараның маңызды бөлігіне сай бірқатар сала мамандарына алғыс хат табыстаған облыс әкімі жаңа техникалармен танысып шықты.

Айта кету керек, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде қазіргі таңда 139 бірлік өрт сөндіру техникасы бар. Осыған орай жергілікті атқарушы органдарының бюджеті есебінен 380 млн. теңгені құрайтын 20 бірлік арнайы техникалары сатып алынған.