ERNUR.KZ. Үш миллионға жуық тұрғыны бар оңтүстік ел назарынан қашанда түскен емес. Себебі халқы пысық әрі еңбекқор. Тың жаңалыққа құмар. Бұл жолы оңтүстікқазақстандық тұрғындар жолда қалып, сиырлар көзге ілікті.
ERNUR.KZ. Үш миллионға жуық тұрғыны бар оңтүстік ел назарынан қашанда түскен емес. Себебі халқы пысық әрі еңбекқор. Тың жаңалыққа құмар. Бұл жолы оңтүстікқазақстандық тұрғындар жолда қалып, сиырлар көзге ілікті.
Желіде жолды кесіп өткен бір топ түркістандық төрт түлікке жататын жануарлар өзінің «ақылдылығымен» көпшілікті таң қалдырды. Түркістанның кіре берісінде жайылып жүрген сиырлар жолдың арғы бетіне өту үшін жаяу жолаушыларға арналған жолақты кесіп өткен. Мұны жол бойындағы көлік тізгіндегендердің бірі видеоға түсіріп, өз таңданысын жасырмайды. Тіпті видео авторы «Түркістанның сиырлары ақылды ғой» деп те өз ойын жеткізеді. Видео әлеуметтік желі арқылы тез тарап, оны көрген желі қолданушыларының басым көпшілігі «ақылды» сиырларға тәнті болды.
«Екі аяқты адамдарға қарағанда төрт аяқты жануарлар озып кетті», «Мына сиырлардың иесі кім екен? Жақсылап үйреткен екен», «Ой, күлкімнің келгені-ай. Қандай сүйкімді сиырлар. Томпиып бірінің соңынан бірі кетіп бара жатыр», «Ақылынан айналдым. Түрлерін қараңдаршы»» деп пікірлерін қарша боратқан желідегілер жолды кез келген жерден кесіп өтуге құмар адамдардың ақылы сиыр құрлы болмағанына қынжылып, бір-бірін тәртіпке шақырды.
Видео: желіден алынды