​Жеміс ағашының өнімі тәтті болмаса МЫНА әдісті қолданыңыз

0
3 056

Егер қыс жылы болатын болса, топырақта минерал мен азоттың мол қоры жиналады.


​Жеміс ағашының өнімі тәтті болмаса МЫНА әдісті қолданыңыз

Жеміс ағашының көшетін алып, өнім бере бастағанда тәтті емес немесе майда болып шықты ма? Кейде бақшадағы ағаштар іріленіп, керісінше жемісі ұсақталып, тәттілігін жоғалтады. Мұндай кезде ағашты түбімен қопарып немесе кесіп тастамай-ақ жағдайды қалпына келтіріп, жемісті тәтті етуге болады.


Телу, ұластыру қай уақытта жасалу керек

Телу екі мезгілде жасалады: Көктемде бүршік жармай тұрып және жазда, шілденің аяғы мен тамыз айының ортасына дейін. Ең алдымен сүйекті жемістерді (өрік, қараөрік, шие, т.б) теледі. Себебі бұл жемістер дәнді жемістерге (алма, алмұрт, т.б) қарағанда бірінші қозғалады.


Телу қалай жасалады

Бұтақпен телудің әртүрлі тәсілі бар. Тәтті дәмін келтірем деген ағашқа көбіне жас көшеттерді телиді. Егер ағашыңыз тым үлкен болып өсіп кеткен болса ірі бұтақтарын кесіп, жас өскіндеріне жас көшеттен ұластырыңыз.

Телимін деген көшетті негізінен күзде дайындап қою керек. Тура телитін кезде кесуге болмайды. Көшет ұйқыда болғаны дұрыс. Себебі, ояна бастаған көшет кесілген соң тез бүршіктенеді. Сондықтан көшет ағашпен бірге өніп кетпей тұрып, оянып алған бүршіктер бар шырынды сорып алады. Ал шырынсыз қалған көшет өнбей жатып қурайды.


Көшеттерді теліген кезде жіберілетін қателіктер

  • Қолдың үйренбеуі. Ең алдымен жай бұтақтарды кесіп, қолды үйретіп алу керек. Сол кезде дәл және жылдам кесетін боласыз. Егер көшетті жай кесетін болсаңыз, кескен жер тотығып, көшет өнбейді. Сондай-ақ, кесілген жер тегіс, жылтыр болуы керек. Ол үшін қолды біраз жаттықтырып алыңыз.
  • Егер үлкен ағашты телитін болсаңыз, бірден бірнеше бұтағына жасаңыз.
  • Құралдардың өткір болмауы. Көшетті кесетін пышақ, қайшыны қағазды еркін кесетіндей шаты алуға болатындайетіп өткірлеу қажет.
  • Залалсыздандырудың бұзылуы. Пышақ, қайшыны жұмысқа кіріспей тұрып таза шүберекпен сүртіп алыңыз. Кесілген жерді мүлде қолмен ұстауға болмайды.
  • Дұрыс байланбау. Теліген кезде ағаш пен бұтаны мықтап байлаңыз. Арасында ауа, сызат қалса, онда ол өнбейді.
  • Ауа-райы. Егер ауа-райы ысып кетсе, онда теліген ағашыңызды құрғап кетуден сақтаңыз. Ол үшін спанбондтан тігілген қап кигізу керек.
  • Теліген соң дұрыс күтім жасалмау. Көбіне ағашты теліген соң оны ұмытып кетіп жатады. Алайда, оны молынан суғарып, қоректендіріп тұру қажет.

Сонымен бірге, жеміс ағашының өнімі ұсақталып, дәмсізденіп кетпеу үшін ең алдымен ауа-райына қарау маңызды. Егер қыс жылы болатын болса, топырақта минерал мен азоттың мол қоры жиналады. Сондықтан көктемде қоректендіру артық болады. Артық қорек кейбір ағаштардың жеміс беруін тоқтатса, алма секілді жемістердің дәмсіз болуына алып келеді.

Жемістердің дәмі жақсара түсу үшін, жинап алардан 2-4 апта алдын биыл өскен өскіндерді кесіп тастау керек.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Қандай киімді бірінші салқын суда жуып алу қажет


Септик тез толып қалмау үшін жанына қараөрік өсіріңіз