Астролог кеңесі: Жаңа жыл сәтті болуы үшін жақсы қарсы алу керек

0
3 838


Астролог кеңесі: Жаңа жыл сәтті болуы үшін жақсы қарсы алу керек

Жақындап қалған

2020 жыл – жыл санағы

бойынша Тышқанмен белгіленген.

Астрология тілімен айтсақ, Металдық

Ақ Тышқан жылы. Яғни, бұл жылдың түсі – ақ.

Әдетте бұл түс тазалықпен, пәктікпен, жақсылықпен

байланыстырылады. Сондықтан, бұл жылдан да тек жақсылық пен

тазалық күтіңіз дейді болжамшылар. Сондай-ақ, ақ ойлап, адал жүргеннің,

жаңа бастаманы

қолға алғандардың

айы оңынан туады дейді.

Ал, металл күрескерлік, тұрақтылық, батылдық, бірбеткейлік сындыларды блдіреді. Бұл дегеніміз дәл осы қасиеттерді бойына дарыта, қажет кезінде қолдана білгендер жетістікке жетеді деген сөз.

Тышқан топтасып-қауымдасып тіршілік ететін кеміргіш. Оған қоса, үнемшіл де шаруақор. Соған сәйкес, сіз де бұл жылды мейрамханаға барып шашылмай, үйде отбасыңызбен бірге, дос-туыстар ортасында қарсы алғаныңыз дұрыс.

Келесі кеңес әйелдер қауымы үшін. Жаңажылдық дастарханды дайындарда үстел жабдықтарын ақ және күміс түстерден таңдаңыз. Аздап қара қосуға болады. Дастархан мен асжаулықтарда бір де бір дақ, тәрелкелерде сызат болмауын қадағалаңыз.

Ас мәзіріне келсек, Тышқан тәтті-дәмдіні жақсы көреді, алайда аса талғампаз емес. Тек мерекелік дастарханға қатты қуырылған, майлы мен ащы, өткір исті дәмдер дайындамасаңыз болғаны. Мәселен, майлы еттен жасалған кәуап, өткір иісті ірімшік деген сияқты тағамдарды кейінге қалдыра тұрыңыз. Сонымен қатар, Тышқан қырыққабат, кофе, шалғам, шомыр, ұнтақ жарма, бұршақ тұқымдастар, маринадталған пиязды да ұната бермейді. Ал, түрлң жармаларды жақсы көреді, сондықтан, жармадан жасалатын мәзірлерге мән беріңіз.

Астрологтар жаңажылдық тіскебасарға ең лайық дәм ретінде себетшеге салынған тунец балығын, көмештелген тауық не күркетауық етін, ірімшк қосылған салаттар, қақталған тауық етін, теңіз өнімдерін (балықтың кез келген түрі) атайды.


Оқи отырыңыз:

2020 ЖЫЛ жемісті де табысты болуы үшін не істеу керек?


Киімге келсек, бұл жылы болжамшылар ыңғайлылыққа баса назар аударуға кеңес береді. Көйлегіңіз салтанатты, сырбаз, сонымен қатар ыңғайлы да ұстамды, стильді болсын. Жаңажылдық көйлектің түсі алтын, металл, күміс түстес, ақ, қара, жасыл немесе көк болғаны жақсы. Қанық бояуды ұнатпайтындар тоқ сары, күл түсті, сұрғылттау, інжу түст немесе айвори түстеріне назар аударса болады. Жылтырақ маталар да жарайды. Образды металл түстес алқа, танамоншақ, салпыншақтармен, тас немесе пайетка жапсырылған клатчпен толықтырыңыз. Жануарлар бейнесі салынған және қабылан терісі өрнегі басылған киімдерді кимеген дұрыс.

2020 жылда материалдық жағдайым жақсарсын десеңіз, ақ киім киіңіз. Ал, екінші жартыңызды табудан үмітті болсаңыз, ақшыл-сұр түсті киімді таңдаңыз.

Макияж бен маникюрді ойластырғанда да металл түстердің болуын ескеріңіз. Бет әрлеуде негзгі акцент ернге берлгені жөн. Тырнақ бояуында ұстамдылық, біртүстілікті ұстаныңыз. Ал, шаш үлгісіне келсек, жеңіл бұйра не бос өрілген бұрым жасаған жөн болар еді. бұл әрі сәнді, әрі келе жатқан жаңа жылдың «мінез-құлқына» сай келеді.

Ерлер киіміне астрологтардың айтар кеңесі біреу ғана – жаңа жылды қарсы алу кешінде джинсы шалбар кимеу. Жейденің түсі қоңыр, күл түсті, қара не сұр болғаны жақсы. Ашық түсті, көзге бірден түсетін галстук тақса, құба-құп. Классикалық костюм не пиджак кию әркімнің өз еркінде. Оның орнын жарқын түсті пуловер не жемпірмен алмастыруға да болады дейді болжамшылар.

Жаңа жылды қарсы алуға сырттай ғана емес, іштей де дайындық керек. Алдымен өз «кемеңіздегі тесікті бітеңіз»: шешілмей тұрған мәселелрді шешуге, ренжіскен жақыныңызбен татуласуға, денсаулығыңызды жақсартуға, өз ішіңізде гармония орнатуға тырысыңыз. Түрлі ойыншық, сыйлықтар алып, шын ниетіңізбен мұқтаж жандарға таратыңыз, көмек беріңіз. Себебі, Тышқан жылынан бірдеңе алғыңыз келсе, алдымен өзіңіз біреуге беруіңіз, барыңызбен бөлісуіңіз керек.

Міне, жаңа жылды қарсы алу кезінде астрологтар ұсынған осы бр кеңестерді ескеріңіз. Жыл иесі Тышқан оны бағалайды, жақсы қарсы алғаныңызға сай жыл бойы жақсылық ұсынады деп сеніңіз.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ