Әр адамның өз ережесі бар, өзіңіздікін осыннан біле аласыз
Әрқайсымызда болашағымызды болжағымыз келген сәттер болды. Өлетін күніміз туралы да ойладық. Бұл шошитын жайт емес, қалыпты нәрсе. Онда тұрған ештеңе жоқ. Әйтеуір бір күні бұл дүниеден кететініңіз ақиқат.
Ал осы дүниеге не үшін келгеніңізді ойлап толғану – қажет. Кетер күні сүре алмай қалған сәттерді, істеп үлгермеген істерді ойлап өкінбеу үшін.
Туған күніңіз – куәліктегі дата ғана емес. Ол сіз жайлы көп нәрсе айтып бере алады. Нумерологтардың пікірінше, адамның туған күні – бұл өмірде білуіміз керек негізгі ақпаратты қамтитын кодтың бір түрі.
Ол ақпаратты алу үшін туған күніңіздің, айдың және жылдың барлық сандарын қосып, бір таңбалы мән шығару керек. Мәселен, 1998 жылдың 15-інші желтоқсаны болсын.
Күн: 1+5=6
Ай: 1+2=3
Жыл: 1+9+9+8=27;2+7=9
Осылайша үш цифр аласыз. Біздің мысалымызда бұл – 6, 3, 9 сандары. Төмендегі сипаттамалар арасынан сол үш санға сәйкесін оқып танысыңыз. Өмірлік үш ереже, үш негізгі ұстаным, сіз жайлы маңызды үш ақпарат, өміріңізді мәнге, бақытқа толтырар үш құпияны сол жақтан табасыз.
1 саны - КӨШБАСШЫЛЫҚ
Үш кодтың бірі осы сан болса, сіздің негізгі міндетіңіз – көшбасшы болу. Адамдарды ортақ мақсатқа шақыруға, жұртты жұмылдыруға, ел, қол бастауға қорықпаңыз. Көпшілік атынан шешім қабылдауда, жауапкершілік арқалауда батыл болыңыз. Жаратылыстан берілген туабітті көшбасшылық қабілетіңіз адастырмайды. Бұл басқаларға басымдық көрсетіңіз деген сөз емес. Бас көтеруіне, алға ұмтылуына себепші болыңыз, мотивация беріңіз.
2 саны – КЕШІРІМДІ БОЛУ және ОТБАСЫ
Екілік саны кешірімділікті сипаттайды. Психолог, татуластырушы, елші қызметтерін атқарсаңыз, нағыз білікті маманы боласыз. Себебі, туабітті қабілетіңіз – елдестіру, адамдарды бір-бірін түсінуге, кешіруге итермелеу. Сонымен қатар, нағыз ата-ана болу миссиясы да басқалардан көрі сізге көбірек артылған. Перзенттеріңізге өте жақсы ата-ана болып, кемел тұлғалар тәрбиелеп шығару жолында барыңызды салыңыз.
3 саны – ӨЗІН ТАНЫТУ
Үштік – шығармашылықпен шындап айналысу, өзіңді әлемге таныту керегін көрсетеді. Талантыңызды паш етуден қысылмаңыз, өзіңізге ұнайтын нәрсені жасаңыз. Идеяңыз басқаларға бос далбаса болып көрінсе де, өзіңіз сенсеңіз, жүзеге асырыңыз. Сіздің міндетіңіз – өзіңізге сену, қабілеттеріңізге опасыздық жасамау және оны әлеммен бөлісу. Ақыр соңында бұдан ғаламға пайдалы дүние туындайды.
4 саны – ЖАУАПКЕРШІЛІК
Төрттіктің жауапкершілік және материалдық әлеммен тығыз байланысы бар. Бұл жерде ақша туралы айтылып тұрған жоқ. Отбасы, жақындарыңыз және өзіңіздің алдыңыздағы жауапкершілікті терең сезініңіз. Жайлы өмір үшін бар жағдайды жасауға тырысыңыз. Қамқорлық көрсетіңіз. Егер үш қосындының біреуінен 4 саны шыққан болса, отбасы беріктігі жолында аянбай еңбек етіп, оның негізгі тірегі болу – өмірлік миссияңыз.
5 саны – ОЙДЫ ШОҒЫРЛАНДЫРУ
Бестік қай уақытта да назарыңызды бір мақсатқа шоғырландыру керек, ойыңызды әр жаққа шашыратпаңыз дейді. Сізде көп ақпарат пен мақсат бар. Басты мәселе – фокусты жоғалтпай ақпаратты басқалармен бөлісу, мақсатқа қарай қадам басу.
6 саны – НЕКЕ және ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Алты – бұл берік неке мен үйлесімділік. Сіздің міндетіңіз – отбасын құру, сонымен бірге өзіңізді және жеке қажеттіліктеріңізді де ұмытпау. Жақындарыңызға қамқорлық пен өз өміріңіздің арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұрыңыз.
7 саны – ЕРКІНДІК және САЯХАТ
Жеті еркіндік пен қозғалысты білдіреді. Өзіңізді шектемеңіз, саяхаттаңыз, жаңа нәрселер ашыңыз. Сіздің міндетіңіз – өзіңізді шектемеу және әлемге ашық болу.
8 саны – АДАЛДЫҚ пен КІШІПЕЙІЛДІЛІК
Сегіз – адалдық туралы. Сатқындық пен әділетсіздікке назар аударуды тоқтатыңыз. Әлемді сол қалпында қабылдап, оның кемшіліктерін қабылдауды үйреніңіз.
9 саны – БАСҚАЛАРҒА КӨМЕКТЕСУ
Тоғыз сіздің міндетіңіз басқа адамдарға көмектесу екенін айтады. Бұл дәрігерлер мен құтқарушылардың саны. Сіздің миссияңыз – басқаларға пайдалы болу және өз эгоңызды тізгіндеп ұстау.
Нумерология – өмір туралы көп нәрсені айта алатын таңғажайып ғылым. Бірақ әр адам өз тағдырын өзі жасайтынын есте сақтаңыз. Кодты білу арқылы өзіңіздің қабілет, басымдық, миссияңызды жақсы түсініп, қателіктерден аулақ бола аласыз. Өзіңіз жайлы көбірек біліп, дамып, өмірден ләззат алыңыз. Өйткені, бұл біздің болмысымыздың басты мәні.
Аударған: Керім БЕК,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: