​Сізді қай ПЛАНЕТА басқарады: туған күніңізден біліңіз

0
912

Айдың 1, 10, 11, 19, 28 жұлдызында туғандарды Күн басқарады


​Сізді қай ПЛАНЕТА басқарады: туған күніңізден біліңіз

Джиотиш астрологиясына сәйкес, жан сандарын 9 планета басқарады. Бүгін жан саны немесе мінез санын негізге ала отырып, адамдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі талдаймыз.

Әр санның өз планетасы бар. Төмендегі планеталар арасынан өз туған күніңіздің датасын тауып алыңыз да, сол абзацты толық оқып шығыңыз.


1 – КҮН

Айдың 1, 10, 11, 19, 28 жұлдызында туғандарды Күн басқарады. Олардың арманы асқақ, мақсаты биік, аспандағы айға қолын созады. Еркіндікті ұнатады, біреуше бағынышты бола алмайды. Ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттері күшті. Іштей эгосы әлсіз, өзін төмен бағалайды, бірақ мұнысын сыртқа білдірмейді. Биік шыңдарға шығу үшін өзгелердің қолдауына, мойындауына мұқтаж. Логикасы жақсы дамыған, ішкі стержені мықты, рухы асқақ. Кемшіліктері: тәкаппар, шектен тыс амбицияға толы, әлсіздерді басынып, өзгелерден басым тұрғанды ұнатады.

Мұндай адамдар айтарлықтай тәуелсіз және авторитарлық, қысымға шыдай алмайды. Келешегінде мансаптық өсу байқалмаса, жалақыға жұмыс істемейді. Тек қандай да бір өсу, болашақ перспектива үшін жұмыс істеу өте маңызды. Тұрақтылықты емес, үнемі өсуді қалайды.

Сәйкес келетін мамандықтар: спортшы, мұғалім, инженер, продюсер, жазушы, рухани көшбасшы, жоғары лауазымды тұлға мен кәсіпкерлік, кез келген басшылық лауазымдар.


2 – АЙ

2, 20, 22, 29 – айдың осы күнінде туғандарды Ай басқарады. Ай оларға жұмсақ қасиеттер, баяулықты, жоғары эмоционалдылықты, көркемдік, икемділік пен романсты береді. Мұндай адамдар өте жақсы кеңесшілер мен психологтар. Адамдар оларға кеңес алу үшін келеді. Олардың шығармашылық әлеуеті зор. Физикалық тұрғыдан тез шаршайды, иммунитеті әлсіз, жиі суық тигізіп жатады. Бірақ, тез қалпына келеді. Аздап тұрақсыздықтары бар. Шешімді тез және интуитивті қабылдай алады, сондай-ақ оны өзгерте салуы да лезде. Бұл басқаларға үлкен қолайсыздық тудыруы мүмкін. тағы да кемшін тұстары: өтірік пен интрига құруға әуестігі бар.

Сәйкес келетін мамандықтар: кез келген коммуникациялық қызмет, дипломатия, балалармен жұмыс, кез келген қызмет көрсету персоналы, шығармашылық жұмыс, кесте тігу, ит күту, киім тігу. Жақсы тіл мамандары мен аудармашылар шығады. Сонымен қатар мейрамхана бизнесін, туристік бизнесті және психологияны басқаруда тамаша.


3 – ЮПИТЕР

3, 12, 21 және 30 – туған күнін осы датада тойлайтындарды Юпитер басқарады. Мұндай адамдар өте жақсы интеллектке және орасан зор ішкі әлеуетке ие. Сонымен қатар, ғылымға бейім адамдар, бәрін зерттеуге, тереңінен қарастыруға тырысады. Кекшілдігі бар, әсіресе, жақын адамдарымен арада келіспеушіліктер болып қалса, қайта татуласуы қиын. Диктаторлық әдеттері бар, бағынышты түрде жұмыс істеу және басқа біреудің билігін қабылдау қиынға соғады, өйткені олар өздерін беделді деп санайды. Осал тұстары: тым амбициялы, ашулы, мақтаншақ, бастаған ісінен тез жалығады.

Сәйкес келетін мамандықтар: басқарушы, актер, мұғалім, заңгер, саясаткер, жазушы бола алады. Олар қаржы және банк секторын жақсы біледі. Кез келген білім беру саласы, мемлекеттік мекемелер. Астрология, психология.


4 – РАХУ

4, 13, 22 және 31 күні дүниеге келгендерді Раху басқарады. Олар – оппозиционер, өте күшті сыншылар, ішкі революциялық рухы бар, барлығын өздеріне, идеяларына сәйкес өзгертуге ұмтылады. Басқа адамдардың әлсіз жақтарын оңай табады. Отбасында да, жұмыста да өз ережелерін орнатуға бейім. Мұндай адамдар ең алдымен бұл әлемге рухани тәжірибелермен, йогамен, медитациямен айналысу үшін келген. Оларға қаражат жинау қиын. Табысты оңай табады және өте оңай жұмсай алады. Киімге деген талғамы ерекше, дәмді тағамды жегенді ұнатады. Өте жақсы интуицияға ие.

Мамандықтар: кез келген импорт/экспорт, шет елдерге, саясатқа, құрылысқа және медицина саласына қатысты барлық нәрсе. Интернет саласы, иллюзияға қатысты барлық нәрсе. Бұл модельдеу, шығармашылық, өнер, музыка, көбінесе электронды болуы мүмкін. Жақсы фантастикалық жазушы да бола алады.

5 – МЕРКУРИЙ

Меркурий айдың 5, 14, 23 жұлдызында туғандарды өз қамқорлығына алады. Мұндай адамдардың мінезі шапшаң, епті, белсенді, білуге құмар, жан-жақты, көп қырлы. Өмір бойы олар жаңа нәрсені үйренуді ұнатады, бірақ көбінесе соңына дейін үйренбейді. Жақсы сөйлеуді біледі және барлық дерлік адамдармен ортақ тіл табады. Олар үшін ұзақ мерзімді мақсаттарды құру қиын, бірақ қысқа мерзімді мәмілелер мен жобаларда жақсы жетістікке жетеді. Азартқа бейім, сондықтан, құмар ойындардан барынша аулақ болғаны дұрыс. Кәсіпкерлікке, сатуға қабілеті бар, ақшасы көп болған кезде ғана бақытты. Олар мақтауды жақсы көреді және мақтауға өте сезімтал. Жағымсыз қасиеттері: қызғаныш, жалқаулық, өзін көрсетуге құштарлық, интригаға бейім, жауапкершілікті басқаларға аудару, өтірік айтуға бейімділік.

Мамандықтар: кез келген бизнес, байланыс, кәсіпкерлік, сату, БАҚ, сақтандыру компанияларында жұмыс істейді. Мұғалімдер, маркетологтар. Жылжымайтын мүлік. Сатып алу және сату қажет кез келген бизнес. Банк секторы, медицина, соның ішінде туризм.


6 – ШОЛПАН

6, 15, 24-ші күндері туылғандардың қолдаушысы – Шолпан. Олар – ережеге қайшы келетін адамдар. Дегенмен, жалпы алғанда, өте жағымды энергиясы бар, достары көп және құрметті. Уәдеге берік, өздерінің беделін жоғары бағалайтындықтан, бәрін соңына дейін аяқтауға тырысады. Шығармашылық әлеуеті зор, эстетикалық талғамы биік, ләззат алуды ұнатады, сұлулықты, жайлылықты жақсы көреді және сән-салтанатқа ұмтылады.

Мамандықтар: мұғалім, тәрбиеші, сұлулыққа қатыстының бәрі: дизайн, сұлулық салондары, кез келген деңгейдегі менеджерлер, спорт, фитнес клубтардағы жаттықтырушылар.


7 – КЕТУ

7, 16, 25-ші күндері туылғандардың жанының нөмірін Кету басқарады. Олар дүниені бөлек түсінеді, өмірге жеке көзқараспен қарайды, арманшыл, өз көзқарастары бойынша тәуелсіз және бәрін өзінше жасайды. Бойында шығармашылық қабілет бұлқынып тұрп, бірақ оны жасырын ұстайды, әдетте өмірдің екінші жартысында жиі ашылады. Саяхаттауды жақсы көреді. Қаржылық жағынан табысты болуы мүмкін, бірақ көбінесе бұған қанағаттанбайды.

Мамандықтар: кез келген оккульттік мамандықтар, астролог, нумеролог, бақсы, массажшы, психолог, йога жаттықтырушысы. Шет елдерге, экспорт/импортқа, жазушыларға және зерттеушілерге қатысты бәрі. Кез келген жеке кәсіпорын.


8 – САТУРН

Егер сіз 8, 17, 26-да туылған болсаңыз, сіздің жаныңыздың нөмірін Сатурн басқарады. Бұл адамдар өте баяу, ойлы, олар бәрін баяу және мұқият жасайды. Оларға «Екі рет өлшеп, бір рет кес» деген мақал тән. Қатты, үнсіз, жиі мұңды, эмоционалды емес. Сырттай сауыттары бар секілді, өте байсалды, қатты, кейбір жерлерде қатал болып көрінеді. Бірақ ішінде өте сезімтал және осал, оны сыртқа көрсетпейді. Олар жалғыздықты жақсы көреді, депрессияға, үмітсіздікке, апатияға және интоксикацияға бейім. Соған қарамастан, табандылығы мен шыдамдылығының арқасында қоғамдық қызметте үлкен жетістіктерге жете алады.

Мамандықтар: денемен жұмыс, кез келген физикалық жалдамалы еңбек, полиция. Жақсы ұйымдастырушы бола алады. Жылдам әрекетті қажет етпейтін, бірақ тиянақты, баяу, байыпты көзқарасты қажет ететін кез келген жұмыс.


9 – МАРС

Егер сіз 9, 18 және 27-де туылған болсаңыз, Марс басқарады. Мұндай адамдардың мінезінде еркектік қасиеттер мен еркектік ақыл-ой басым болады. Бәсекелестік рухы күшті, өте қабілетті көшбасшылар және жақсы ұйымдастырушылар, туа біткен әділеттілік сезімі бар.. Олар бұл дүниеге әлсіздерді қорғау және қамқорлық жасау үшін келген. Мұндай адамдарға бағынышты болу қиын, олар қандай да бір салада көшбасшы болуды ұнатады. Олар оңай қаржылық табысқа жетеді және мансап сатысымен жоғары көтеріледі.

Мамандықтар: кез келген әскери сала, полиция, Төтенше жағдайлар министрлігі, өрт сөндіруші, құқық қорғау органдары, құрылыс, спорт, жылжымайтын мүлік, кемелердің, пароходтардың құрылысы.

Аударған: А. Керім,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Күйеуіңіздің ең жек көретіні не, білесіз бе?