ТАҒДЫРыңыз қай МЕТАЛМЕН тығыз байланысты?

0
865

Әрбір металл адам тағдыры туралы ақпарат береді


ТАҒДЫРыңыз қай МЕТАЛМЕН тығыз байланысты?

Табиғатта кездесетін металдардың атауларын, қасиеттерін және олардың әртүрлі заттармен әрекеттесу реакцияларын мектеп қабырғасынан бастап білесіз. Алайда, олардың сіз білмейтін тағы бір сыры бар екен. Орта ғасырларда әрбір металдың ерекше энергиясы бар және олар адам тағдыры туралы ақпарат береді деген сенім болыпты. Бұл тұжырымды заманауи нумерологтар да растайды. Мамандардың айтуынша, әрбір адамның ғұмыры белгілі бір металмен тығыз байланысты болады екен. Қай металмен байланысыңыз болатынын нумерологиялық есеп жасау арқылы білесіз.


Дүниеге келген күніңіздің сандарын бір-біріне қосыңыз. Мәселен, 1982 жылдың 28 мамыры делік.

1+9+8+2+0+5+2+8=35;3+5=8

Яғни, бұл туған күн иесінің металы – 8 санының тұсынан табылады.


1 – КҮМІС

сүйкімді, харизмаға бай және тәуелсіз бірліктердің металы – күміс. Желмен жарысу, жер шарының ең шалғай, жұмбақ түкпірлеріне саяхаттау, түрлі нәсіл, түрлі мәдениет өкілдерімен танысу, өзін сан алуан рөлдерде сынау – олардың жанына ең қатты жағатын істер. Жалпы, үздіксіз қозғалыссыз, еркіндіксіз, жарқын эмоциясыз «күмістерге» өмір тәтті емес.


2 – ТЕМІР

«Екіліктер» де еркіндікті сүйеді, ерік-жігері күшті және өршіл. Сондай-ақ қыңыр, бірбеткей және күрескерлік рухына ие. Сондықтан ойын ашық айтады, дегенінен қайтпайды, өз пікірін соңына дейін қорғайды. Көпшілік «темір» тұлғаларды өткір ақыл-ойы мен бай рухани әлемі үшін құрметтейді және жақсы көреді.


3 – СЫНАП

Үштіктердің тағдыры температураның өзгерісіне қарай «ұшып-қонып» тұратын құбылмалы металмен байланысады. Олар табиғатынан әлсіз емес, қысылып-қымтырылғыш ұялшақ та емес.Бірақ, өте мейірімді, сондықтан басқаларға қарсы келгенді, дауласуды және ұрысуды ұнатпайды. Қоғаммен біте қайнасып өмір сүргенді жөн санайды. Қызығушылық аясы кең, оптимист жандар. Әрқашан көңілді және жайлы аурасы бар, сондықтан олармен дос болу ғанибет.


4 – МЫРЫШ

Олар импульсивті, сезімтал және өзін-өзі қатты сынға алатын жандар. Олар үшін өмірдегі басты құндылықтар – әділдік, оптимистік көзқарас және жақындарына қамқорлық. Адамдармен ортақ тіл табуы оңай. Берік және жайлы қарым-қатынас құрудың қыр-сырын жетік біледі.

5 – ҚАЛАЙЫ

Адал, қыңыр, жауынгерлік рухы биік – бестіктерді осылай сипаттауға болады. Жомарттық және адалдығымен ерекшеленеді. «Бестіктермен» сөйлесу, дос болу өте жағымды және қызықты. Бірақ оларға немқұрайлы қарайтындарға салқын қабақ танытады, тіпті қатал қарауы мүмкін.


6 – ҚОРҒАСЫН

Астрологияда қорғасын ұялшақтықты, арманшылдықты және осалдықты білдіреді. «Алтылықтар» қиындықтарға жиі тап болады. Оған себеп сенімсіз жандармен достасу, дұрыс емес қарым-қатынасқа түсу, даулы мәселелерге бас сұғу, т.с.с. Бір жақсысы, өзіне қатысты нашар қарым-қатынасқа көнбейді және бірдеңе дұрыс емес екенін түсінген бойда ол адаммен байланысын үзеді.


7 – ПЛАТИНА

«Жетіліктердің» формуласы – «сәттілік + талант + парасаттылық». Зодиак белгісінің өкілдері – тамаша мансапқорлар, олардың көпшілігі табысты және жетістік иелері. «Платиналар» кәсіби біліктілігін жетілдірумен үздіксіз айналысады. Сондықтан оларды уақытын текке кетіретін ойын-сауықтарда, шулы компаниядан сирек көресіз. Әлеуметтік желіде отыруға жаны мүлде қас. Ондай нәрселерге жұмсайтын артық уақыты жоқ.


8 – НИКЕЛЬ

«Сегіздіктер» бірден көшбасшы болып туады. Олар жігерлі, харизмасы мол, талантты. Адамдар тобын сөзіне сендіріп, соңынан ілестіруге шебер. Көпшіліктің назарында болғанды жақсы көреді. Бір орында тоқтап қалмайды, үнемі қозғалыста, даму үстінде. Осының арқасында тағдыры шексіздік белгісімен астасатын «никельдер» мансаптық биіктерді сәтті бағындырады.


9 – АЛТЫН

Алтын – айрықша металл, онымен тағдыры байланысатын «тоғыздықтар» да ерекше жандар. Күш-қуаты мол, тартымды, жомарт, құмарпаз, адал және мейірімді жаратылыс. Олар өмірдің барлық саласында (жұмыс, достық, махаббат) үздік. «Алтын» адамдар өздерінің зодиак белгілеріне байланысты сән-салтанат пен байлықты жақсы көреді. Бірақ дүниеқоңыз, сараң емес. Қол жеткізген игіліктерінің бәрін жақындарымен қуана бөліседі.

Аударған: А. Бектұрған,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

АҚША жинаудың ең ТИІМДІ жолы - жұлдызнама