​Жазғы демалысты жақсы өткізгіңіз келсе, нумерологиялық есеп жасаңыз

0
1 205

Демалыс түрін дұрыс таңдай алмағандар уақытын текке өткізеді.


​Жазғы демалысты жақсы өткізгіңіз келсе, нумерологиялық есеп жасаңыз

Көпшілігіміз үшін жаз бен демалыс ұғымы – егіз сынды. Оқушылар мен студенттер оқудан екі-үш айға босап, арқа-басы кеңіп қалады. Жұмысбасты ересектердің басым көпшілігі еңбек демалысын осы уақытқа туралағанды құп көреді.

Бір өкініштісі, жылына бір-ақ рет болатын демалыста дұрыс демала алмай қалатындар көп. Күз келгенде артына қарап, уақыттың қалай тез зымырап өткенін, жан рақатын тауып тынығып үлгермегенін ойлап, қимай қоштасатындар көп. Неге өйтеді? Өйткені, ол өзіне сәйкес демалыс түрін дұрыс таңдай алмады, соның салдарынан қанша уақытын текке сарп етті.

Асылында, дәл қазір сізге керек демалыс түрін таңдай білсеңіз, жанды да, тәнді де, ойды да, миды да рақаттана тынықтыру үшін бірнеше күн не апта жеткілікті. Тек демалыс түрін дұрыс таба білу керек.

Осы тұрғыда көмек не кеңес керек болса, нумерологияға жүгінсеңіз болады.

Нумерологияның формуласына сәйкес, туған күн, ай, жылыңыздағы сандарды бір-біріне қосыңыз. Мәселен, 04. 06. 1995 болса:

0+4+0+6+1+9+9+5=34; 3+4=9

Енді 2024 жыл сандарын бір-біріне қосамыз:

2+0+2+4=8

Екі есептеуден шыққан мәндерді бір-біріне қосып, бір таңбалы сан шыққанша есептейміз:

9+8=17; 1+7=8

Нәтиже бойынша, бұл мысалдағы туған күн иесі 2024 жылы демалысын қалай өткізгені дұрыс екенін 8 санының сипаттамасынан оқимыз. Дәл осылай өз саныңызды тауып алыңыз.


1 – Демалысыңыз өте жақсы өтуі үшін теңізге, шулы курорттық қалашыққа барыңыз. Шығыс Азия елдерінің біріндегі таулы аймақтағы не теңіз жағасындағы демалыс орны – тамаша таңдау болар еді. Теңіз суына шомылып, күнге қыздырынып қана қоймай, күнделікті кешкі уақытта міндетті түрде серуендеңіз. Көбік кеші, би кеші, концерт сынды шаралардан қалмаңыз. Сонда ғана алдағы бір жылға жетерлік мол энергия жнайсыз. Сонымен қатар өміріңізден қандай да бір маңызды орын алатын не көкейіңізге құнды ой салатын адамдармен кездесу мүмкіндігі туады. Олармен ұзақ уақыттық қарым-қатынас құруға міндеті емессіз. Тек ойыңызда, көңіліңізде қалса болғаны.


2 – Биыл тыныш, оңаша жерге барғаныңыз жөн. Тау, теңіз немесе орманды өлкеге. Батыс Еуропаның бір елі болса, ең бақытты күндеріңіз және ең естен кетпес демалысыңызға айналғалы тұр. Ең бастысы, өз қалауыңызша демалу үшін көңіліңізді ештеңе алаңдатпайтын жер болуға тиіс. Алкоголь, темекі сияқты зиянды заттардан бас тартқаныңыз дұрыс. Пікірлес адамдармен сөйлесіңіз, қызықты кітап оқыңыз. Шығармашылық адамы болсаңыз, өзіңізді толығымен шығармашылыққа арнаңыз. Бұдан ләззат алып қана қоймай, тамаша нәтиже шығарасыз. Осы кезеңде шыққан туындыларыңыз жоғары бағаланып, атақ пен табыс, жетістік әкелуі мүмкін. Осы демалыста танысқан кей адамдармен жақын қарым-қатынас орнап, сүйіктіңізге не досыңызға айналуы мүмкін.


3 – Сізге үйреншікті ортаны, жағдайды толығымен өзгерту керек. Мүмкін болса, демалыста басқа жартышарға барыңыз. Ұшаққа отырғаннан бастап тұрмыс-тіршілікті, күнделікті күйбеңді, артыңызда қалған жағдайларды ойдан шығарыңыз. Телефоныңызды өшіріп, үйге қайтқанша қоспауға тырысыңыз. Мұндай сапарға қаржылық жағынан дайын болмасаңыз, онда жай ғана орманның тыныштығында демалуға болады. Тек әдеттегі тіршіліктен бөлек күн кешіп, әлемнен ажырап, табиғатпен оңаша қалуыңыз керек. Тым болмаса бірнеше күн өзіңізге осындай жағдайды жасай алсаңыз, бірнеше айға жетерлік энергия жинайсыз. Демалыс кезінде эмоцияңызға барынша ерік беріп, оларды көрсетуден қысылмаңыз. Осы саяхатқа сүйікті адамыңызбен бірге шықсаңыз, онымен қарым-қатынасыңыз жақсартып, нығая түседі, бір-біріңізге бұрынғыдан да қатты жақындайсыздар.


4 – Сіз үшін ең жақсы демалыс – мұражай, сарайлар сынды тарихи-танымдық орындарға бару. Көрікті тарихи орындары көп елге барыңыз. Таиланд, Куба, БАӘ, Мальдив аралдары, Бали – көңіл-күйіңізді көкке көтеретін елдер. Жалғыз да, жақын адамдарыңызбен барсаңыз да еш айырмасы жоқ. Ал тұрақтаған қонақүйдің үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етуі және тағамдардың сізге ұнайтындай болуы міндетті. Осыны алдын-ала ойластырыңыз. Демалыс кезінде орын алған ұсақ-түйек жайсыздықтарға мән бермеуге тырысыңыз. Осы кезде өткен өміріңізде қалып қойған, өзіңіз аса ұната бермейтін адамдар алдыңыздан шығуы ықтимал. Оларға да «ұсақ-түйек жайсыздық» деп қарап, көзге ілмеңіз.


5 – Биыл сіз үшін ең жақсы демалыс – ауылға, туыстарға бару болмақ. Ашық аспан астында жұлдыз санап ұйықтап, таңертең әтештің даусынан оянып, жаңа піскен сиыр сүтін ішіп, күні бойы көптен көрмеген туыстармен, достармен бас қосу – ешбір шетел бере алмайтын энергияны сыйлайды. Қонақ болып, дайын асты ішіп-жеп жата бермеңіз. Бау-бақша жұмысына аралассаңыз, күнделікті өмірдің күйбеңін, барлық қиындықтарды ұмытып, миды тынықтыруға, ойларыңызды реттеуге үлкен көмегі тиеді. Үйден шығып, ауылды аралаңыз. Ауыл сыртына шығып, кең даланы кезіңіз. Ал шетелге шығамын деген жоспарыңыз болса, Канада немесе АҚШ-қа барыңыз деп кеңес береміз. Онда өзіңіздің және бизнесіңіздің болашағы үшін пайдалы болатын беделді адамдарды кездестіріп, байланыс орната аласыз.


6 – Бұл жылы анда-мұнда барсам деп елеңдемеңіз. Демалысыңызды үйде өткізген жөн, өйткені қоршаған ортаның кез келген өзгерісі тек зиян келтіреді. Қандай да бір дерт белгі беруі немесе жеке мәселелер басталуы мүмкін. Көбірек фильмдер мен шоуларды жүктеп, тоңазытқышты азық-түлікке толтырып алып, диван демалысын ұйымдастырыңыз. Телефонды және әлеуметтік желілерді өшіруді ұмытпаңыз. Кем дегенде үш күн осындай үзіліс жасаңыз.


7 – Драйвты жақсы көресіз ғой, сондықтан экстремалды демалыс түрін таңдаңыз. Парашютпен секіру, тауға шығу, байдаркамен жүзу, т.с.с. Мұнда ең бастысы – демалысқа жұмсай алатын қаражат сомасын анықтап, соған сәйкес демалыс орнын таңдау. Жалғыз болғаннан көрі, өзіңіз сияқты белсенді демалысты ұнататын адамдар тобын тауып, соларға қосылғаныңыз дұрыс. Немесе сіздер үшін бәрін жоспарлап қойған досыңыз әлде сүйіктіңіздің соңынан еріңіз. Өзіңізбен бірге алғашқы медициналық жәрдем қобдишасын алып жүруді ұмытпаңыз. Онда керек болуы мүмкін деген барлық дәрі-дәрмектерді түгелдеңіз. Себебі, демалыстың бірінші күнінде денсаулығыңыз мазалауы мүмкін. Бірақ, алаңдамаңыз, дұрыс медициналық көмек алсаңыз, бұл күйіңіз тез-ақ өтіп кетеді. Ары қарай демалыс өзіңіз ойлағаннан да сәтті болады.


8 – Демалысыңыз романтикаға толы болуы керек, дәл қазір сізге ең керегі – сол. Сондықтан сүйікті адамыңызбен бірге ұмытылмас күндерді бастан кешетіндей жоспар құрыңыз. Егер әлі сүйіктіңізді таппаған болсаңыз, демалысты оны жолықтыруыңыз мүмкін жерлерде өткізіңіз. Қаржылық жағдайыңыз мүмкіндік берсе, ең романтикалық қала – Парижге баруға болады. Немесе одан еш кем түспейтін арзанырақ жерлерді де табуға болады. Басқа адамдардың пікірін сұрамаңыз, өз жаныңыз нені қалайды, соны басты назарда ұстаңыз. Ең бастысы, қаражатыңызға есеп-қисап жасап, демалысқа жұмсайтын соманы белгілеу, банк карточкаларының мерзімін, несиелік не салық қарыздарының кедергі келтірмеуін тексеру.


9 – Жағажай демалысын өткізіп қана қоймай, денсаулығыңызды күтетін елді таңдаңыз. Қазір бойыңызда бар дертті емдеуге және аурулардың алдын алатын шараларға басымдық беріңіз. Шығармашылық адамы болсаңыз, Исландия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция, Австрияға барыңыз. Онда өзіңіз үшін көп жаңа нәрселерді ашасыз және оларды болашақ туындыларыңыз үшін пайдалана аласыз. Егер прагматикалық адам болсаңыз, Солтүстік Африка елдеріне барыңыз, көптеген ұмытылмас әсерлер аласыз. Демалыс кезіндегі ішкі күйіңізді ештеңе және ешкім бұзбауы үшін барынша ыңғайлы, жанға жайлы орынды таңдаңыз. Солай еткен күннің өзінде кішігірім күтпеген оқиғалар, жағымсыз тосынсыйлар орын алуы мүмкін. Бірақ, алаң болмаңыз, олар ұзаққа созылмайды. Тек демалысқа аттанар алдында құжаттарыңыздың мерзімін тексеріп, ешқандай мәселе туындамайтынына көз жеткізіп алыңыз.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰБАЙЫҢЫЗ қандай жағдайда «АЖЫРАСАМЫН» дейді