Жұлдызнама бойынша: Кімнің ҚОЛЫ АШЫҚ, ал кімнен "ҚЫСТА ҚАР СҰРАУҒА" болмайды

0
2 270

Жомарттық – жақсы қасиет. Бірақ орнымен болып, ысырапшылдыққа ұласпаса игі.


Жұлдызнама бойынша: Кімнің ҚОЛЫ АШЫҚ, ал кімнен

Сіз өзіңізді жомартпын деп санайсыз ба? Ел сараң деп айыптай ма? Жалпы, қолы ашық болуды жақсы қасиеттер қатарына жатқызасыз ба әлде жақтырмайсыз ба? Жә, белгі иелерінің жомарттығы мен сараңдығына жұлдызшылар баға берсін.


12-орын – Сарышаян

Сараңдар жайлы «қыста қар сұрап ала алмайсың» деген тіркес қалыптасқан. Алайда, Сарышаянның сараңдығына келгенде оның өзі аздық ететіндей. Себебі, оның сараңдығы сонша, сұраған қарды сатып береді, ол аз болғандай, қымбатқа сатады. Ал, жомарттығы өзіне ғана. Яғни, өзінен ештеңе аямайды. Өзіне келгенде өзен не көл, өзгеге келгенде – шөл.


11-орын – Тауешкі

Есепсіз адым аттамайтын Тауешкілердің ішінде өзіне ғана тән өлшем бірліктері мен таразысы бар ма дерсің. Ол тек бір жағдайда жомарттық танытуы мүмкін: өзіне пайдасы тиетін, тиімділігі басым тұста. Соның өзінде қолындағыны қимай-қимай әзер береді.

Бұған себеп – Тауешкінің қолындағы барды көбейте түсуді өмірлік мақсат тұтатынында. Осыны жақындарынан да талап етеді. Әсіресе, өзімен қоймай, өмірлік серігі мен балаларына да артық ақша шығаруға мүмкіндік бермейді.


10-орын – Бикеш

Жомарттық жөнінен оныншы орынды алған Бикештер ақшаға ғана сараң. Басқа жағынан ешкімнен қолынан келгенін аянып қалмайды. Көмек сұрай қалсаңыз, уақыты мен назарын, қамқорлығын аямайды. Басыңыздан сипап, мейірімін төгеді. Тіпті, өмір сүру сабақтары мен кеңестерін тегін береді. Осының бәріне риза болыңыз, тек, ақша сұрай көрмеңіз. Сұрай қалсаңыз, еститін жауабыңыз «жоқ еді» немесе «болмай тұр» болуы әбден мүмкін.


9-орын – Торпақ

Торпақты сараң емес, ұқыпты, шаруақор деген дұрыс шығар. Ақшаны оңды-солды шашуды құптамайды. Ақша ғана емес, қолында бар әр затын (ұсақ-түйекке дейін) ерекше жақсы көріп, бүлдіріп алмауға тырысып, құнттап ұстайды. Сұраған адамға бере қалса, өзінің бір бөлшегін бергелі жатқандай қиналады. Сыйлыққа келгенде тек жақындарына ғана жомарттық таныта алады.


8-орын – Шаян

Оларды сараң деуге болмайды, асқан жомарт та емес. Өйткені, өмірдің бумеранг екеніне, бүгін біреуге берсе, ертең өзіне еселеніп қайтатынына сенеді, жомарт қадамдарға сол сенімнің жетегімен барады. Қаттылық танытып, шық бермес Шығайбайға айналатын кезі де жоқ емес. Бірақ, ақылмен, орнымен. Сондай-ақ, Шаяндар кейде шын жүректен еш қайтарымсыз сыйлық жасап жомарттық көрсетуі мүмкін. Алайда бұл тек ең жақындарына ғана қатысты және Шаян үшін «ең жақыным» деген жан бірді-екілі ғана.


7-орын – Балықтар

Балықтардың жанына жалпы, жомарттық тән. Біреуге еш себепсіз сыйлық бергісі келеді. Қиналғанға көмектескісі келеді. Қуантқысы келеді. Алайда, жомарттық танытуға үнемі «Қазір жақсылық (сый) жасасам, кейін мойныма отырып алмай ма?», «Мұнымды қалай қабылдар екен, теріс түсініп қалмай ма?», «Кейін осы нәрсе өзіме керек болып, таппай қалмаймын ба?» деген ойлар кедергі.

Оқи отырыңыз:

2020 ЖЫЛы Қазақстан мен қазақтардың жағдайы ҚАНДАЙ болмақ?


6-орын – Таразы

Жомарттық пен сараңдық таразыға түскенде ортаңғы орынға орналасатын белгілердің бірі – Таразы. Сирек те болса жомарттық таныта алатын бұл белгі иелерін қатты, қытымыр деуге болмас. Бірінші кезекте өзіне қатысты ешқашан сараңдық танытпайды. «Алдымен өзім, содан кейін басқалар» деген қағидасы бар өйткені. Сондықтан, өзгелерге қатысты жомарттыққа өзінен артылса ғана жол ашылады


5-орын – Егіздер

Жомарттар бестігінің соңында Егіздер тұр. Олар «өзіңмен бірге ана дүниеге ештеңе әкете алмайсың» дегенді жиі қайталайды. Сондықтан дүниені жинай беріп қайтем деген оймен өзгелермен бөліскенді жөн көреді.


4-орын – Суқұйғыш

Үздіктер үштігіне енбегенімен, Суқұйғышты да сараң деуге болмайды. Олар жақын-жуықтарынан материалдық дүниелерін аямайды. Бірақ, өзіне қатысты да сондай қарым-қатынасты күтетіні бар. Үміті ақталмаса, келесіде ол адамға бірдеңе бермес бұрын ойланатын болады. Ал, өзіне қатысты жомарттық танытқандарға алғысын да, жауабын да артығымен қайтарады. Бір сөзбен айтқанда «алаған қолым – береген» дейтіннің нақ өзі.


3-орын – Торпақ

Үздік жомарттар үштігін Торпақ бастайды. Олар өмірдің әділетті екеніне, сұрасаң, сұрағаныңды беретініне қалтқысыз сенеді. Жаратушының қаһарына ұшырап, несібесін кемітіп, ырысынан айрылып қалғысы келмейді. Содан да үнемі жомарттық танытуға, мейірімді, қайырымды болуға тырысады.


2-орын – Арыстан

Белгі иелері шынында да жомарт, қайырымды, кең пейілді. Кімге не берсе де есеппен емес, риясыз, адал ниетпен ұсынады. Алысты-жақынды туыстарын сыйлықтың астында қалдырғанды ұнатады. Оның қайтарымын күтпейді. Есесіне, өзгелердің өзіне деген ризашылығынан, мақтау сөздерінен ләззат алады.


1-орын – Мерген

Жомарттықтан алдына жан салмайтын белгі иесін білетін уақыт та келді. Олар – Мергендер. Сараңдық таныту, жоқ жерден үнемшіл болып қалу олар үшін жат нәрсе. Барымен бөлісуді өзіне парыз санайды. Көмек сұрағанға қолындағы барды көпшілік ішінен бірінші болып береді.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ