​Әйел төсекте «ОЙНАҚТАП» тұруы үшін БІР-АҚ НӘРСЕ керек

0
100 751

Мұны білмеген еркек те көп нәрседен құры қалады.


​Әйел төсекте «ОЙНАҚТАП» тұруы үшін БІР-АҚ НӘРСЕ керек

«Қойшы, екінші әйел ме, көңілдес пе тауып ала салсыншы. Қызғанбай-ақ та қойдым, маған тек тыныштық керек. Басқа ештеңе сұрамаймын. Балаларымды өзім асырай аламын. Онсыз да оның қатырып жатқаны шамалы...»


Алдымда тап осылай жылап отырған, жасы әлі 35-ке жетпеген жап-жас келіншектің мұнысы еркелік шығар деп түсінгенмін басында. Маған бір сырын ашқысы келіп отырғаны анық. Бірақ оны жылаумен бастағаны дұрыс болмады.

«Мәз боларсың, кетсе... Балаларың не дейді? Оларға түсіндіре аласың ба? Бекерге жек көріп кетеді ғой...» деген жаттанды, «құдалықта» жүрген ақыл-кеңесті айта бастағам.

Ол оған былқ еткен жоқ. Дым да әсер етпегеніне қарағанда, ондай кеңестен құлағы жауыр болған сияқты.

«Одан ары! Мен де адаммын! Адамша өмір сүргім келеді ғой менің де! Соны түсінбесе өзінен көрсін...»


Сөйтті де жынданып отырып тағы біраз еңіреп алды. Негізі, әйел жылағанда басу айтпаған дұрыс деп білемін өз басып. Ол іштегі «ыстығын» әбден шығарып алмайынша, тек қана тыңдап отыра берген дұрыс. Кетіп қалсаң тағы болмайды.

Басылды-ау, әйтеуір.

«Ал, айта бер. Не проблема?»

Бітіп қалған мұрнын бырылдатып екі тартқан келіншек алдымен өзіме бас салды.

«Осы сенің төсекте проблемаң бола ма?»

Ә дегеннен сасып қалдым. Бас салып менің төсегіме тиіскені несі мұның? Жауап берем дегенше ол өз сұрағын қайтып алып үлгерді.

«Кешір, сенде нем бар десейші. Сенде ондай болмайтын шығар. Өйткені, үйіңе де, күйеуіңе де, жұмысқа да үлгеріп жүресің ғой. Күліп жүрген әйелден білініп тұрады жағдайы жақса екені», - деген дүдамал болжам жасап тастады ол.


«Былай ғой, білесің бе? Сол төсек үшін ұрсып қала береміз. Шаршадым, ендігі. Шынымды айтайын, кейде жүйкем жұқарғанда бәрін тастап безіп кеткім келеді...

Өзі, әйелдің тұрмысы дұрыс болмаса, оның сон жағдайын түсінетін күйеуі болмаса қиын екен. Білесің, күйеуім қанша жыл жүрді бір тиын табыссыз. Төрт баланы туып болғанша әйтеуір өлместің күнін кештік. Содан кейтін жұмысқа шықпасыма болмады. Дипломның әрі өзімнің де пысықтығым көмектесті ғой. Аз жылдың ішінде ас-ауқатымыз бен киімімізді бүтіндейтіндей табысқа жеттім. Бірақ мен сол үшін қалай еңбек еттім десейші?!

Жұмыстағылардың өсегіне арқау болып, басшылықтан талай сөз естідім. Алға шыққанды кім жақсы көрсін?! Табысымның көбейгенін ең ақыры еден жуушыға дейін сөз етті. Көбісі жек көрді мені. Ертемен барып кеш келдім. Түнде, балаларымды ұйықтатып тастап үлгермеген жұмысымды үйде істедім. Ақша үнемдеу үшін, балаларым бір келі болса да ет жесінші деп, соған аянып екі-үш аялдаманы да жаяу жүрдім. Не керек, өтті ғой, бәрі?!»


Иә, мен оның қалай жұмыс істеп, қалай қиналғанын білетінмін. Бірақ соңғы кезде жағдайлары жақсарып, зәулім үй, жеке көліктері барына қарап «қиын күндері өтіпті-ау, жақсы болыпты» деуші едім. Өзінің де сырт күтімі жақсы көрінуші еді. Бірақ ішінде «түтін бар» деп ойламаппын.


«...Қазір сол күндердің бәрі артта қалса да, менің жүйкеме, денсаулығыма ізін ойып тұрып салып кетті. Жұмыстан шығып кетіп ендігі студент балаларымның жайымен үйде отырайын десем, алған несиеміз бар. Ұлдарым да кішкентай емес, азық-түліктің өзіне қанша қаражат керек бұл күнде. Байдың тапқаны содан артылмайды. Соны ойлап қоя саламын.

Мейлі, одан қиналмайсың ғой. Егер соның бәрін түсініп, саған қолдау көрсетіп отыратын еркек болса... Төрде шәниіп жатып айран-суға жұмсағанына да мақұл. Тек денсаулығымды түсініп, қалауым болмай тұрғанда төсекке сүйремесе болады ғой. Ол қинаған сайын менің жыныстық қатынасқа деген қалауым семіп бара жатыр. Шынымды айтсам, жиіркенемін. Соны ойлағаннан жүйкем сыр бере бастайды. Ашуланамын, ұрысамын, ашуымды балаларымнан алып кететін сәттер жиілеп барады.

Ал ол мұны «сен жұмыста біреуді тауып алғансың» деп түсінеді. Кезінде ол жұмыссыз отырғанда, сыра ішіп, қымбат темекі шеккені үшін ақша тауып, ерте кетіп, кеш келгенімде олай демеген. Түні бойы жұмыс істегенімде де олай демеп еді. Қазір соның салдарының бәрі шығып, жүйкем әбден жұқарған кезде қызғана қалыпты.

Талай рет айтып та салдым, «керегіңді көшеден-ақ ала берші. Ләм демеймін» деп... Жоқ, бармайды. Мені мүжу керек, мені қинауы керек, мені мыжғылауы керек. Шынымды айтсам, жек көремін төсек қатынасын...»


Сөзінің соңын ашумен дік-дік еткізіп қадап айтқанда, қастары түйіліп еріндері көгеріп кеткенде, мәселе шынымен өзекті екенін түсінгендей болдым.


Не болса да адам алдымен кез келген жағдайды өзінікімен салыстыратыны бар емес пе? Зуылдап отырып өзімнің жағдайымды бір зерделеп шықтым. Тым қатты төсектен жерінбейді екенмін, керісінше, көп ұйықтап кеткен жігітімді түртіп оятпасам. Иә, кейде болады ғой, «басым ауырып тұр» дейтін жағдайлар. Бірақ оған бола қатты сөз айтыспайды екенбіз.


Таныс келіншекке айтар сөзім болмай, бір-екі басу айтумен қош айтыстық. Тыңдап, сәл де болса жеңілдеуіне септігім тиген шығар деп қоям өзімше. Әйел мәселелерін зерттей жүру әдетім еді, бірден ғаламторды ақтарып кеттім. Мына бер шетелдік сайттың келтірген уәждері көңілге қонғандай болды.


Бастысы, ӘЙЕЛДІ де АДАМ БАЛАСЫ екендігін ұмытпау керек қой деген үмітпен, еркектер де, әйелдер де оқып өзгерсе деген ниетпен қысқаша жаза кетуді жөн көрдім.


Әйелдің жыныстық қатынасқа түскісі келмейтін басты себебі не?


Жас кезі

Егер әйел әлі жас болса және күйеуімен қатынас әлі де бір жүйеге келмеген болса, онда оның бойында «жеңілтек деп ойламасын» деген ниетпен немесе серігіне сенімсіздік танытқан жағдайда төсек қатынасынан бас тартады.


Еркекке деген ренішін айта алмаса әйел төсектен жерінеді

Төсек қатынасынан мүлде бас тартса, ең бірінші еркек ойлануы тиіс. «Ренжітіп алмадым ба екен?!»

Себебі, әйелдердің басым көпшілігі еріне ренжіген жағдайда ғана тәніне жолатқысы келмейді екен көп жағдайда. Себебі, әйелдің жыныстық қатынасқа деген қалауы көңіл-күйімен тікелей байланыста болатын көрінеді. Әсіресе, іштегі ренішін тиісті адамға айта алмағанда, төсектен мүлде жерініп кетеді екен әйелдер.


Отбасы мен жұмысында проблемасы бар әйелдер де төсекті қаламайды

Қандай да бір уайымы бар, өзекті мәселесі бар әйелдер де төсектен жерінеді. Жоғарыда айтылғандай, барлық жағдайы көңіл-күйімен байланысты әйелдердің мұнысы еркек үшін түкке тұрғысыз болып көрінгенмен, олардың солай жаратылғанын еркектер ұмытпауы тиіс екен.

Тіпті, баласы сабақтан кешігіп келген әйел де ұзақ уақыт сол уайымның әсерінен шыға алмай, сол түнді ләззатсыз өткізуі мүмкін. Ал сол күні қызметтесімен сөзге келіп немесе бастығынан ұрыс естісе де еркек емеурін танытпай тұра тұрғаны абзал.


Қатты шаршаған әйел еркектің емеурінін қабылдамайды

Жыныстық қатынасқа да күш пен қуат керек. Онсыз да сілесі қатып шаршап тұрған әйелдің ойында жатын жайдағы «майдан» емес, тыныш жердегі бейғам ұйқы сияқты демалысты қалайды.

Мысалы, отбасылы, балалары бар жұмыс істейтін әйелдің өмірін алайық.

Таңертең көзін тырнап ашқаннан балаларын балабақша немесе мектепке дайындау, таңғы асы, одан балаларының түскі асқа не жейтіні, жұмысы (ондағы мәселелердің өзі жеткілікті – тапсырманы уақытында орындау, өзінен кейінгіге тапсырма беру, істі алға жылжыту үшін ойлану, ізденісте болу, келер күннің жоспарын жасау, аяқасты пайда болатын шаруалар және т.б.), оның арасында үйдегі балаларының жағдайын біліп тұру (сабаққа кешікпеді ме, не жеді, не ішті, кешікпей қайтты ма, көшеде оқыс жағдайға тап болмады ма деген сияқтылардың барлығын әйел жұмысында миының жартысымен ойлап отырады), түс ауа «кешкі асқа не істейтінін» ойлану, жұмыстан келе салысымен ас дайындау, ыдыс-аяқ, балалардың сабағы, ертеңгі киімі, ара-тұра қонақ келетіні бар... Не керек, әйел төсегін талып жығылып жеткен сәтте ол жерде тағы бір «бастық» күтіп тұрады. Өйткені, «түнгі қызметі» тағы бар емес пе?

Не керек, бір ғана басында осынша уайымы бар әйелден төсек қатынасын талап ету де артықтау болатын секілді. Егер, соншама проблеманы бөлісіп, әйелдің ауырын жеңілдетуге тырысып баққан еркек болса, онда оны әйел де назарынан тыс қалдырмай, тән ләззатынан құры қалдырмаса керек-ті.


Денсаулығында кінәрат болса да әйел құлықсыз болады

Егер әйел жыныстық қатынастан қашқақтай бастаса, демек денсаулығында кінәрат бар немесе ол өзін физикалық тұрғыда өте нашар сезініп жүр деген сөз. Мұндай жағдайдағы әйел үшін төсек ләззатының құны көк тиын.


Міне, осындай жағдайларды сараптай келе еркектер де өз тарапынан әйелге аз да болса түсіністікпен қараса, қолдау білдіріп, оның нәзік иығына артылған жүгін алса, ол ешқашан да төсекте кеудеден итермес еді.

Ал әйелдер жоғарыда айтылғанның барлығын тым жүрекке жақын алмай, тәуліктен аз да болса уақыт қырқып алып, өзіне жұмсауды үйренбесе де қиын. Отбасы деп өзін ұмытқан әйел өзін жоғалтып алады. Бәрінің де шегі мен шекара болуы тиіс.

Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

«Күйеуім төсекте қинағанды жақсы көреді» - ауруханаға түскен келіншектің әңгімесі


Сүндеттелген еркектің әйелге де пайдасы бар