​«Әжетханаға артымнан кеп тұр»: Гомосексуалистен қашып құтылған жігіттің әңгімесі (18+)

0
11 330

"Мықтысың..." деп білегімнен сипағанда үстімді тарақан басып кеткендей болды"


​«Әжетханаға артымнан кеп тұр»: Гомосексуалистен қашып құтылған жігіттің әңгімесі (18+)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ЕСКЕРТУ! Мақаланы көшіріп басу редакцияның рұқсатымен ғана жүзеге асады

Әлемде болып жатқан жаңалықтардың арасында жақында ғана өз елімізде шеруге шығуға рұқсат сұраған әне бір өз жынысына көзі түскендер менің есіме біраз уақыт бұрынғы әңгімені түсірді.


Ол қазір отбасылы, намысты, нағыз қазақи тәрбие көрген азамат. Бір әңгімеден әңгіме шығып кеткенде «Ешкімге айтпаймын деп едім, сондайлар көбейіп бара жатқаны жаныма батқан соң сендермен бөлісейін» деді аз ғана достармен жиналған ортада.


«Ол кезде бойдақпын. Жасым 23-те. Жанып тұрған шағым ғой. Қай қала екенін айтпай-ақ қояйын, сол оқиғадан кейін ол жақтан безіп кеттім...

Қабілетімді ескеріп, бір әжептеуір танымал мекеме жұмысқа алған шақыртумен. Мен сияқты жастар көп екен, тез сіңісіп кеттім. Басшымыз да жас, әрі кетсе отызда болар. Басы қатты істегенде, енді сөзім жоқ еді. Креативті идеялар айтқанда аузымыз ашылып, көзіміз жұмылатын. Мен сол басшымызды өзіме идеал тұттым.

Жас болған соң жұмыстағы қыздарға да көз қырыңды сала жүресің ғой. Ең сұлуын өзімше сырттай иемденіп, ауырын көтерісіп, реті келгенде тәтті, сусынмен сыйлап жүргенмін. Есім кете бастады бір айдан соң-ақ. Кабинетімнің алдынан өткенде жарты сағатқа миым автоматты түрде ауып қалатын еді.


Бір күні сол сұлу менен өзі кешке бірер сағатқа қалып, ауыр папкаларды жинасуға көмектесуімді өтінді. Ойбай-ау, менде жан бар ма? Таңға дейін алып қалса да еріп кетейін деп жүр емеспін бе? Мұндай мүмкіндікті қалай жіберемін?! Көңілімді білдіруге тамаша сәт туып тұр. Бір күн бұрын түнде ұйықтамағаным да есімнен шықты. Түске дейін ұйықтап алған адамдай сергіп шыға келдім.

Қысқасы, кешке сұлуға көмектестім. Екеуміз бар істі бітіріп кофе ішіп отырғанда басшымыз кіріп келді. Сөйтті де бірден маған қарап кабинетіне кіруімді ишарамен көрсетті. Ашулылау жүзіне қарап «менің сұлуымды қызғанып тұрған жоқ па екен?» деген ой сап ете қалды. Бірақ құлай сүйіп тұрған аруымды оған бергім келмейтінін ішкі сезімім атойлап қарсы шығып сездірді. «Тап солай болса еркекше сөйлесеміз...» деп қойдым кабинеттің есік тұтқасына қол бергенде ішімнен.

Бірақ басшымыз қыз туралы ештеңе деген жоқ. «Сенің көмегің керек, қыз қайта берсін» деді. «Уф!» деп жеңілдеп қалғандай болдым да, сыртқа шығып кешірім сұрап, оған такси шақырып шығарып сап келдім.


Басшым алдыма бірнеше қағазды жайып тастады да, ойымды сұрады. Жаңа жоба болған соң танысуым керек, бар назарымды аударып қарап жатырмын. Арасында ойымды бірден айтып, керек жерініне өзгеріс енгізу үшін түртіп алып дегендей жұмысқа беріліп кетсем керек. Ұнатқан аруыммен оңашада кофе ішкеннен жиналған күш-қуатым тасып тұр ғой. Еркін қимылдап, столды айнала жүріп айтып жатырмын...

Бір кезде терезе алдында қолын айқастырып маған көз алмай қарап тұрған оған менің де көзім түсіп кетті. Қатты қорқып кеткендей болдым ба, сол кездегі жағдайымды түсінбедім өзім де. Денем түршікті ме әлде құбыжық көргендей болдым ба, әлі түсінбеймін. Бірақ бірдеңенің дұрыс емес екенін сездім сол кезде... Оған қарамауға және жұмысты тезірек бітіріп қайтуға тырыстым.


Содан кейін біраз уақыт басшыға қарауға дәтім бармай жүрді. Қарасам, көз түйістірсек, менде бір жиіркеніш пе, қорқыныш па, бірдеңе пайда болады. Өзімді қолайсыз сезініп жүргенде сүйген қызым Лаураның да маған жақындай түскені емдеп жібергендей болды. Ол екеуміз көп өтпей-ақ уақытты бірге өткізетін болдық. Жұмысқа да сол қыз үшін барып, сол үшін барымды сала жұмыс істеуші едім.

Тағы үш айдай өткенде ұжым болып кешкі уақытта бір ауқымды жобаның жұмысын атқаратын болдық. Өңкей жастар, кешкі асқа тапсырыс беріп, галстук пен туфлиді шешіп тастап еркін форматта қызу жұмыс істеп жаттық. Сол күні Лаураның жұмыста болмағаны мұндай жақсы болар ма? Әйтпесе, ол маған бірдеңе болғанын бірден сезер еді.


Жаз ғой, ыстықтап беті-қолымды шайып алуға әжетханаға кірдім. Айнадан әбіржіп кеткен шашымды түзетіп, салқын суды шашырата жуынып болғанымда тап қасымда аруақтай болған басшымды көріп селк ете қалдым. Әне бір қорқынышты фильмдегідей пайда болып тұр ғой қасымда. Есімді жиып үлгергенше, «мықтысың, спортпен айналыстың ба?» деп жеңін қайырып тастаған көйлегімннен шығып тұрған білегім сипағанда үстімді құмырсқа ма, тарақан ба, бірдеңе басып кеткендей болды. Тағы да сол көзқарасы...

Атып шығып, қалай жиналып шығып кеткенімді білмеймін ашумен. Басқаларға «шұғыл шаруа шығып қалды» дегенім есімде. Бір жақсысы, ертеңіне демалыс еді. Өзіме әзер келдім. «Шынымен сондай ма?» деген ой келді. Өткендегі жиіркенішті сезім қайта оянғанда оның бүткіл жүріс-тұрысын, іс-әрекетін есіме түсіре бастадым. Ерекшелейтін ештеңе таппадым, көп жігіттер сияқты киінеді, сөзі де сол. Бірақ неге маған солай көріне береді содан кейін? Соған миым жетер емес...


Лаура үшін тағы бардым жұмысқа. Бірақ ендігі жерде басқа жақтан жұмыс іздей бастадым. Бұл жерден кету керектігін ішіммен сезіп жүрмін. Бастықпен жолықпауға барынша тырысып бағамын, бірақ ол да шақырып алып жұмыс тапсыруын қоймайды.


Үшіншісін айтсам шок боласыңдар-ау... Ұжым болған соң жиын көп. Бір әріптесіміз туған күнін түнгі клубта атап өтетін болды. Керемет өтіп жатқан. Аздап қызулаумыз. Өзім құшағымда Лаураның болғанына мәзбін. Өзінің бір таныс қызымен келгенде басшы туралы ойым үшін ұялғандай болғанмын. Бірақ...


Кештің аяқ жағына жақындағанда әжетханаға асығыс кірдім. Ерлердікі ғой, кіші дәрет болған соң есікті ілуді ұмыттым ба, мән бермедім бе?! Қажетімді бітіргенде арқамнан есіктің құлыпталған дыбысын естіп жалма-жан киіне сала жалт бұрылдым. Сол ғой! Бірдеңені айтып жақындап келе жатыр. Көйлегінің түймесін түгелдей ағытып тастапты. Құшағын жайып келеді адамның құсқысын келтіріп... Қолы денеме тигенде менен жұдырық кетті. Басы қабырғаға соғыла ұшып түсті.


Тіке далаға атып шығып, бұрышты айнала құса бастадым. Мұндайым жоқ еді, әлем айналып барады. Көз алдымда оның бейнесі тұрып қалған. Не керек, есімді жиғанда анадайда Лаура күтіп тұр екен. Беті-қолымды ол әкелген сумен шайып, таксиге отырғанда ол бастықты біреулер әжетханада ұрып кеткенін айтты. Мән бермей басым ауырғанын айта бердім...

Содан кейін тек ол жұмыс орнынан ғана емес, ол қаладан қашып кеттім. Айтпақшы, екі-үш күннен соң «Кешір, артық кеттім. Алдын ала айтуым керек еді...» деген бе, әйтеуір соған ұқсас хабарлама жазып жіберіпті. Нөмір ауыстырдым бірден...

Әлі күнге маған ол қала гейлердің отаны құсап көрінеді, барғым келмейді. Бір аса қажетпен барсам да шаруамды бітіре сала қашамын», - деп күле аяқтады ол әңгімесін.

«Әйтеуір, Лаураны тастамапсың? Сол Лаура ма енді үйдегі келін?» деген әзілімізге «басқаны тастасам да, махаббатымды онда қалдырмаймын ғой» деп жауап берді ол.

Содан кейін әрине, жыныстық еліту бағытын өзгерткендер туралы қызу айтыс басталып, небір мысалдар кетті. Ал мені олардың көпшіліктен ерекшеленбей-ақ жүретіні ойландырды. Әрине, оның өмірінде не оқиға орын алғанын кім білсін, бірақ намысты ұлттың жігітіне құрық тастағаны ашуландырды...

Кейіпкердің өз аузынан жазып алған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТЫ қаламаған әйелді үш СМС-пен қоздыруға болады


Әйелімен БІР ТӨСЕКТЕ жатпайтын ЕРКЕКТІҢ қуаты ерте таусылады