Ертең төлейтін НЕСИЕНІ ойлап жататын әйел ОРГАЗМДЫ сезінбейді (18+)

0
6 314

Әйелдерде болатын 6 ЖАҒДАЙ - ОРГАЗМҒА кедергі келтіреді


Ертең төлейтін НЕСИЕНІ ойлап жататын әйел ОРГАЗМДЫ сезінбейді (18+)

Әйелдердің көпшілігі төсек қатынасындағы ләззаттанудың ұшар шыңын сезіне алмайды деседі мамандар. Яғни, оргазмды сезінбейді. Себеп?

Оның себебі біреу емес бірнешеу көрінеді.


«Оргазмсыз төсек қатынасы – соңы түсініксіз біте салатын кино сияқты» деп жазыпты бір желілік басылым. Қандай кино көрсең де, оның соңы қызықты, ләззат алып, тынығарлықтай боп біткеніне не жетсін?! Сол сияқты төсекте де «терлеген» соң аяғында бір тәттісін сезінген дұрыс.


Расында да оргазмға жету соншалықты қиын ба? Неге ол әйелдерде қиын?

Дәрігерлер оған кедергі болатын 7 кедергіні атапты.


1. Денсаулықта болатын проблемалар


Әйел ағзасын зерттегенде мамандар белгілі бір дерттердің әйелдің төсектегі жағдайына да айтарлықтай әселі болатынын анықтаған. Мәселен:

  • гормондық жүйенің бұзылуы;

  • жыныстық мүшелердегі қабынулар;

  • венерологиялық аурулар;

  • жыныстық мүшенің анатомиялық өзгерістері (босанғаннан соң немесе ота жасаудан кейінгі тыртықтар, қауіпті-қауіпсіз ісіктердің пайда болуы, басқа да жарақаттар).


2. Қынап бұлшықетінің әлсіз болуы

Оргазм кезінде қынап бұлшықеттері өте қатты жиырылады. Әрине, бұлшықеттің ондай мүмкіндігі болса... Себебі, кейбір әйелдердің қынап бұлшықеті әлсіз және оргазмды тудыру үшін барынша жиырыла алмайды. Оның себебі, босану немесе жас ерекшелігі, бұлшықеттің генетикалық құрылымы болуы мүмкін. Мұндайда әйелдің төсек ләззатын сезінуі қиын болады.

Иә, жақсы төсек қатынасында әйел осындай жағдаймен болмашы ғана «келіп-кеткен» оргазмды сезінуі мүмкін, бірақ оның «дәмін татып» та үлгере алмай қалады. «Міне-міне...» деп күткені келгендей болғанмен, қайта сезіне алмайды.

Бірақ оған бола төсектен безіп кетудің жөні жоқ, мұның орнын толтыруға болады. Ол үшін арнайы жаттығулар бар. Оны мына сілтемеге өтіп біле аласыз. Мұндай жаттығулар қынап бұлшықетінің тонусын көтеріп, нәтижесінде оргазмды сезінуге көмектеседі.


3. Жаман әдеттер

Темекі қорабындағы адам шошитын ескертпе суреттер жай еріккеннің ермегі емес. Солардың бірі тап осы жыныстық мүшелердің «жұмысына» арналған.

Темекі шегу мен есірткі қолдану, спирттік сусындар да жыныстық қатынасқа зиянын тигізбей қоймайды. Оталық жүйке жүйесі арқылы сезімталдықты әлсірететініне қарап-ақ төсек ләззатын сезіну үшін «аяқтан шалатынын» түсіну қиын емес.


4. Дәрі-дәрмек қабылдау кезінде...


Әрине, мұның әсері уақытша. Себебі сол, кейбір дәрі-дәрмектер гормондардың жұмысы мен жүйкеге әсер ету арқылы оргазмды сезінуге кедергі келтіреді. Әсіресе, ұйқы шақыратын дәрілер мен антидепрессанттар – төсек ләззатын ойдағыдай сезінбеуге тікелей себепші бола алады. Сондықтан, дәрі-дәрмек қабылдағалы «көрпеасты» шаруаларыңыз шаршатып жүрсе, онда дәрігерге ескертіп, дәрілік затты басқасына ауыстыруды өтінгеніңіз дұрыс.


5. Жарақаттанудан сақ болған жөн

Еркекке қарағанда әйелдер кеш «оталады». Құшақтау, аймалау, сүю және сипалау сияқты әрекеттердің бәрі де әйел үшін маңызды. Оның анатомиялық жағынан да қажеті мол.

Себебі, жоғарыда айтылған әрекеттер (сүю, сипау және т.б.) арқылы әйелдің қынабы алғалданып үлгереді. Ал егер еркектің жыныш мүшесі құрғақ қынапқа енер болса, онда жарақаттануы мүмкін. Нәтижесінде нәзік тері ауырсынып, әйелге толықтай берілуге, босаңсуға мүмкіндік бермейді.

Мұндай жағдайдың болуы мүмкін екенін еркек білмесе, оны ашық айтып түсіндірудің пайдасы болмаса, зияны жоқ.

Иә, кейде әйелдерде қанша аймалағанмен қынап ылғалданбауы мүмкін. Ондайда арнайы жақпаны – лубрикантты пайдалануға болады. Бірақ оған да ағза үйреніп кетпеуі тиіс.


6. Жағымсыз ойлар да әсер етеді

Некелі жұптарға кедергі келтіретіннің бірі осы... Төсекке жатса да өмірінің күңгірт жақтарын, проблемалы тұстары ойлаудан арыла алмайды. Ертеңгі төлейтін несие, ұрысып қалған көрші, баланың алған «екілігі», жұмыстағы басшының қатал ескертпесі...

Егер соның барлығы жыныстық қатынастан бас тартқанда шешіліп кетсе мейлі ғой. Ал керісінше, қараңғы бөлмеде барлығын ұмытып, еңсені басқан ауырлықтан жыныстық қатынастың тәтті ләззаты арқылы бір сәтке болса да арылуға боларын ұмытамыз.

Ал мидың жұмысы интимді мүшелермен және оргазммен байланысы ерекше. Сондықтан, проблемаларды шешуде оң шешім тапқыңыз келсе, «таңғы нәсіп - тәңірден» деп ертең үшін түнімен ойша күймей, ыстық құшақта өртенудің пайдасы көбірек екенін естен шығармаған жөн.


7. Өз тәнін «танымайтын» әйелдер


Әр әйел өз тәнінің эрогенді аймақтарын білсе, бұл оргазмға барар жолдың жартысы болмақ. Тіпті, білмесеңіз, күйеуіңіз арқылы «танысудың» айыбы жоқ. Тәтті сезімге бөлейтін нүктелерді анықтауда денсаулық пен сенімге селкеу түсірмейтін эксперименттер жасап көрудің де айыбы болмайды некелі жұп арасында.

Дереккөз: missfit.ru

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ