" МҮШЕСІ ҮЛКЕН еді": Төсек қатынасынан қорқып қалған келіншектің әңгімесі

0
96 131

​«Енді күйеуге тиюге қорқамын... Тағы да сондай боп шықса қайтемін?! Одан да өмір бойы жыныстық қатынассыз өткенім жақсы...»


Ескерту! Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен ғана жүзеге асады.

фото: иллюстрациялық

Енді қайтып еркектің құшағын көргісі, төсек ләззатын сезінгісі келмейтін әйел мені шошытты. Бір жағынан ерке пен әйел арасында осындай да қиыншылық болатынын осы жасқа келгенімше білмеппін. Білмек түгілі ойламаған да екенмін. Ал қаншама әйел осыдан зардап шегіп, ақ төсегіне жатқысы, некелі жарын құшқысы келмей жүр екен?!


«...21 жасымда ұнатқан жанға-ақ тұрмысқа шыққанмын. Үйден ұзатып шығару сол кездері енді ғана дәстүрге қайта еніп келе жатыр еді. Ол жақ та бәріне дайын еді, түске беташар рәсімі, кешке үйлену тойымыз болып, барлығы екі-үш күннің ішінде өтті. Содан кейін тағы 4-5 күн үйден қонақ үзілмей, жаңа бас қосқан жігітіміз екеуміздің ақ төегімізге жатуға шамамыз келмеді. Оның үстіне екеуміз де бір-бірімізден ұялып жүрдік пе, әйтеуір сәті келмеді.

Тек жетінші күні ғана үйде адам аяғы саябырсып, аздап шаршауымыз басылғандай болды да, сонда ғана жұбайлық міндетімізді де орындау керектіміз еске түскендей еді. Бірақ....сол күнді өмір бойы ұмытпайтын шғармын.


Біз үшін дайындалып, аппақ боп салынған төсекке бас қойғанда екеуміз де қысылғандай едік. Алғашқы түннен қорыққанымыз тағы бар. Әйтеуір, бір уақытта құрсағымның іші жыртылғандай қатты ауырды да, арғы жағы есімде жоқ...


Көзімді ашқанда ауруханада жатыр екенмін. Басымда күйеуім, бір жағымда енем тұр. Не болғанын түсінбедім. Тек дәрігер келіп күйеуім екеумізді ғана алып қалып түсіндіргенде ғана көз жеткіздім.

Түнде қатты ауырсынудан кейін талып қалыппын. Қорқып кеткен күйеуім бірден ауруханаға әкеліпті.

«Мұнда болады, қатты қорыққан шығарсың?! Әдетте, төсек қатынасынан алдын ала қорқыныш болғанда көп жас келіншектерде боп тұрады. Қай жерің ауырады? Қазір тексереміз, сосын бәрін анықтаймыз. Бұрын естен танған кездерің болмаған ба еді?!», - деп біраз сұрақтар қойды.


Содан кейін арнайы гинекологиялық креслоға шығарып қараған соң аздаған қанталау бар екенін, біраз күн қосылмау қажеттігін де ескертті күйеуім екеумізге. Бәрі дұрыс екеніне қуанып, біршама дәрі-дірмек қабылдаған соң үйімізге қайттық. Дәрігер айтқандай он бес күндей қатынасқа түспедік. Мен де аздап сол түнді ұмытқандай болдым. Бірақ сонда да қорқыныш кетпеді ойымнан. Алғашқы түні қосылғандағы ауырсынудан қорқатын сияқтымын.


Тағы да қосылдық, бірақ күйеуім ақырын қимылдағанның өзінде маған ауыр болды. Оны мен тұрмысқа шыққанның бәрінде болатын жағдай деп түініп, сыр білдірмеуге тырыстым. Шыдап жүрдім...


Бірақ әр қосылған түн мен үшін ауыр азап бола берді. Тіпті, кейде қан да білініп қалатын еді. КЕйде білдірмеймін, кейде төсектен қашқақтаймын. Ал жағадан үйленген күйеуім оны түсінсін бе, өзім де ашып айта алмадым. Ол да кұннен күнге маған күдікпен қарап, кейде соған бола ұрысып қалатынды шығардық. Ал енем болса уақыт өткен сайын маған «көтермедің бе?» дегендей емеурін танытады.


Мен үшін тағы бір қасіретті түн өтті. Сол күні күйеуім жолдатарымен сыралатып келген екен. Ай-шайға қарамай мен төсекке алып ұрды. Дәп бір біреу әбден қайрап жібергендей дөрекі қимыл танытып, «ауырады» дегеніме қарамай қинағаны. Бір кезде қатты шыңғырып жібергенімді білем, әрі қарай тағы да есімде жоқ... Тағы да аурухана, тағы сол дәрігер...


Бұл жолы әжептеуір қан кетіп, біраз күн бүгіліп қалдым. Құрсақ тұсым ауырғанда жанымды шығарардай болды. Абырой болғанда, аса қатты жарақат болмапты. Дәрігер күйеуімді де шақырып, түсіндіргендей болды. Оның айтуынша, тым қатты әрекет жасамау қажет екен. Оның үстіне менің де ішкі мүшемнің қан тамврлары нәзік екен. Ол кезде сексопатолог деген маман болатынын да білмейміз ғой.


Не керек, содан бастап күйеуім өзгере басады. Дөрекі, мені мазақ еткендей бір сөздермен мұқатып қалғысы келетін. Арамыздағы салғындықты сезген енем де баласын ақтап, мені жек көре бастағады. Үнімді шығармай тек шаруаммен ғана айналысамын. Төсекте де үнімді шығармауға тырысып бағамын, бірақ қатты ауырғанда ертеңіне бүктетіліп қала беретін болдым. Шынымды айтсам, күйеуге тию маған қасірет әкелгендей болды. 12 келі салмақ тастап, әбіржіп, қатті жүнжіп кеттім. Алты айдан соң көрген анам шошып кетті. Басында ауру екен деп ойлапты. Бірақ шынына менің ішіме дерт кіріп үлгерген еді. Әрбір түнді өткеру, күйеуімнің әрбір әрекетіне шыдау мүмкін болмай бара жатқан. Бірақ оны анаңа қалай айтарсың?


Күйеуімнің ішіп келіп тағы бір рет жасаған әрекеті менің тұрмыстағы өміріме нүкте қойды. Зорлағандай болғанда қанша шыдайын десем де, арасында даусым шығып кетіп, ал ол адан ләззат алғандай еді. Жыныстық мұшесі құрсағымды жарып шығардай болғанда енді онымен тұра алмайтынымды, жалпы енді қайтып жыныстық қатынасқа түскім келмейтінін түсіндім...


Ажырастық ақыры... Оның несін айта беремін?! Мені ол кезде ешкім түсінген жоқ. «Басыма қонған бақты тепкен» жан болдым... Тіпті, ата-анам да... Сөйттім де, оңтүстікке кетіп қалдым. Мені ешкім танымайтын, білмейтін жерге...»


Әңгіме соңынан байқағаным, жасы 40 -тарға келсе де әлі тұрмысқа шықпапты. Әрі қарай қазбалап сұрамадым. «Сол кездегі жаны мен тәніне түскен жарақаттан қорқып қалған болар...» деп ойладым да қойдым.

«Неге олай болды екен? Себебін сұрамадыңыз ба? Ізденіп білмедіңіз бе?», - деп сұрауға ғана батылым жетті.


«Біраз жылдан соң соң сексопатолог маманға бардым. Ол тексеріп, барлық мән-жайды сұрап білген соң күйеуімнің жыныс мүшесі менікіне сай емес болғанын болжады. Толық диагноз қою үшін оны да тексеру керектігін айтты. Мұндай жағдай ерлі-зайыптылардың арасында кездеседі екен, бірақ көп емес. Сол аз топтың ішінде болғанымыз да?!

...Кейін күйеуім туралы естідім, ортақ танысымызды кездестіріп қалғанмын. Ол тағы да екі рет үйленіп, олар да екі-үш ай тұрған соң кетіп қалыпты. Қазір жалғыз тұратын көрінеді...»


Аздап мұңайып қалған әйел әрі қарай айтқысы келмеген сыңай танытты. Әңгіме басқа арнаға ауысса да менің ойымнан кетпеді.

«Мұның ешбір емі болмаса басқаша шығар жол болмағаны ма? Егре екеуіне жол көрсетіп, кеңес беретін маман болғанда отбасы сақталар ма еді?» деген ой миымнан шықпай қойды...

Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ


ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТА еркекке ешқашан "САТЫЛМАҢЫЗ"


АЙМАЛАУДЫҢ 6 түрі ӘЙЕЛДІ ЕСТЕН ТАНДЫРАДЫ