Төсекте «жолыңыз болмай» жүрген жоқ па?

0
4 609

«Менде ондай проблема жоқ!» кеуде қағуға асықпай қоя тұрыңыз, «жаман айтпай жақсы жоқ» деген. Жарайды, мұны «ешкімнің басына бермесін». Десек те, жатын бөлмеде «жолыңыздың болып кетуін» қаласаңыз, мынадай кеңестерге құлақ асыңыз.


Төсекте «жолыңыз болмай» жүрген жоқ па?

суреттер ашық дереккөзден алынды

Әрине, ешкім мұндай сырын ашпайды. Енді бір, сенімді, жанашыр деп санайтын ең жақынына айтпаса, бұл өте «нәзік» жағдай. Дегенмен, «төсекте жолы болмау» - белгілі бір уақытта, белгілі бір себептерге байланысты шынында бар, болатын жайт. «Менде ондай проблема жоқ!» кеуде қағуға асықпай қоя тұрыңыз, «жаман айтпай жақсы жоқ» деген.

Жарайды, мұны «ешкімнің басына бермесін». Десек те, жатын бөлмеде «жолыңыздың болып кетуін» қаласаңыз, мынадай кеңестерге құлақ асыңыз.

Өзіңізге деген көзқарасыңыз басты рөл ойнайды

Сымбаты келіскен, идеал өлшемдерге сай келетіндер кем де кем. Жұрт айта беретін 90-60-90 немесе... (еркектердерің параметрі қалай еді), жалпы тал бойынан бір мін табылмайтын адам болмайды. Егер «ана жерім ондай, мына жерім мұндай», «тым арықпын», «толып кеткенмін», «аяғым қысқа», «тапалтақпын», «тым ұзынмын» және т.с.с. оймен өзіңізді мүжи беретіннің бірі болсаңыз, онда сіздің жолыңыз жатын бөлмеде сәтті бола қоймайды.

Еркектерден үйрену керек! Олар ешқашан жатын бөлмеге өзінің бір кемшілігін ойлап кірмейді. Ол әлеуетті құшағына сенімді болып шығады төсекке.

Ең сексуалды мүше – ми

Ең сексуалды мүше дегенде басқа жақты ойлап кетсеңіз, қателесесіз. Басқа жақты дайындамас бұрын, жатын бөлмеге кірерде алдымен миыңызды дайындауыңыз керек.

Егер күйеуіңізді немесе жарыңызды ойлап, оған ашуланып тұрған болсаңыз, төсекте жақсы бір нәтижеге жете қоям деу де қателік. «Жан тыныштығын орнатудың 10 әдісінің 7-еуі - төсекте» деген қағидамен өмір сүру керек. Ал оны болдыру үшін тәніңізбен қоса миыңызды да «тазалап» барып, көрпе астына сүңгисіз.

Төсекте де қиял керек

Әрине, «қуып кетпеңіз». Төсек қатынасын ойлаған сайын қалай түсесіз. Қалаған сайын көз алдыңызға елестей береді. Елестеген сайын да қиялыңыз жүйткиді. Ол адами деңгейден аспай, екеуге бірдей ләззат сыйлайтындай болуы керек. Мұндайда тек біржақты ғана ойлауға болмайды. Бірақ қиялыңыз туралы серігіңізге айтпаңыз.

Тәніңізбен таныссыз ба?

Қай жеріңізде меңіңіз бар? Қай жеріңіздің қытығы бар? Серігіңіздің қай жеріңізден сүйгенін қалар едіңіз?

Неке сәтті болуы үшін төсектегі нәтиженің маңызы үлкен. Ал ол нәтижеге өз тәніңізбен танысып алсаңыз, тезірек жетесіз. Айна айлдына барыңыз. Оңашада өзіңізге қараңыз, зерттеңіз. Өзіңізден өзіңіз қомсынатын жағдайдан да тез арылатын боласыз.

«Кіріспе»

Аты да айтып тұрғандай, дайындалып алмай кіріспе! Жалпы, төсек ләззаты деген не? Ол сізге не үшін қажет? Оның әсері қанша уақытқа созылады? Пайдасы не? Зияны ше? Осы сияқты сұрақтарға жауап тауып алсаңыз, сіздің некеде де, төсекте жолыңыз болды деп есептей беріңіз.

Төсек қатынасы, одан алатын ләззат – табиғаттың некелі жандарға берген ең керемет сыйы. Ол сыйды дұрыс қабылдап, үдесінен де шыға білу керек. Егер табиғаттың, жаратылыстың осы бір сыйына құрметпен қарай алмасаңыз, онда басқасын күтуге хақыңыз бар ма?

Дайындаған: Жайнаған Байтұрым.

ERNUR.KZ